You are here

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурс жариялайды

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ конкурсы «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» бағыты бойынша жүргізіледі:

1. «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін, қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери-ғарыш технологияларын дамыту».

2. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту».

3. «Ұшкыссыз авиация кешендері өндірісінің технологияларын дамыту»

Өткізуге жауапты – Министрліктің Ғылыми-технологиялық даму департаменті Стандарттарды үйлестіру және енгізу басқармасының бас сарапшысы Қадырғұлов Бауыржан Сансызбайұлы (тел. 8-7172-74-96-14, 74-94-35).

Конкурстық құжаттама Министрліктің www.mdai.gov.kz сайтында орналастырылған:

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру бойынша және өтінімді дайындау мәселелері жөніндегі консультацияларды Министрліктің Ғылыми-технологиялық даму департаментінде: 8-7172-74-94-35, 74-96-14 телефондары, сондай-ақ «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама» ҰО АҚ» (www.is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша ЖТН алу және өтінімді тіркеу үшін (8-7273) 55-50-01 (ішкі 217, 218, 219) Call center арқылы алуға болады.

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конвертте ілеспе хатпен бірге салынып мына мекенжайға жіберіледі: 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, Мәңгілік ел даңғылы 8, 2-кіреберіс, 213-кабинет (т.74-94-64) Министрлікке (оның беткі жағының тиісті орнында мыналар көрсетіледі: жөнелтушінің мекенжайы және байланыс деректері, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә., конкурстың атауы, ғылымды дамытудың және ғылыми зерттеулердің басымдықтары). Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн. Қажетті конкурстық ақпаратты Министрліктің сайтынан жүктеп алуға болады: www.mdai.gov.kz

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2018 жылдың 30 қазанынан 30 қарашасына дейін.

Орналастырылған: 26.10.2018
Жаңартылған: 26.10.2018
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы