You are here

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16756 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларында:

көрсетілген Қағидалардағы қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

36

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижесімен актінің болуы

 

 

 

».

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Заң шығару институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, қорғаныс

жəне аэроғарыш өнеркəсібі

министрі                                                 А. Жұмағалиев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

_________________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитеті

_________________

Орналастырылған: 08.04.2019
Жаңартылған: 08.04.2019
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы