Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғаныш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті туралы

ереже

  1. Жалпы ережелер

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғаныш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  1. Департамент өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы», «Пошта туралы» заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  2. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
  3. Департамент:
  1. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат басқармасынан (бұдан әрі – БСМСБ);
  2. Байланыс саласындағы жаңа технологияларды және инфрақұрылымды дамыту басқармасынан (бұдан әрі – БСЖТИДБ) құралған.
  1. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

4. БСМСБ:

4. Міндеті: байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

Функциялары:

  1. стратегиялық:
  • басқарманың құзыреті шеңберінде байланыс саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру;
  • байланыс саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгі бағыттары және басымдықтары бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
  • Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі ретінде басқарманың құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
  • Қазақстан Республикасының Пошта әкімшілігі ретінде басқарманың құзыреті шегінде басқа да мемлекеттердің пошта әкімшіліктері және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу кезінде пошта байланысы саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
  • басқарманың құзыреті шегінде телекоммуникациялар және пошта байланысы мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар Халықаралық электр байланысы одағымен (ХЭО), Байланыс саласындағы аймақтық достастығымен (БАД), Дүниежүзілік пошта одағымен (ДПО) өзара іс-қимыл жасасу;
  • басқарманың құзыреті шегінде ХЭО, БАД, ДПО-ға және басқа да халықаралық ұйымдар жіберетін құжаттарды қарау, келісу және ұсыныстар беру;
  1. реттеу:
  • басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, бекітуді және келісуді қамтамасыз ету;
  • байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • күзетілетін аймақтарды белгілеу тәртібі мен олардағы жұмыс режимін қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желілерін күзету қағидаларын әзірлеу және бекіту қамтамасыз ету;

-трафиктi өткiзу мен өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және олардың өзара әрекеттестігі қағидаларын әзірлеу және бекіту қамтамасыз ету;

-орталық пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желілерін қосу қызметтерін көрсетудің, сондай-ақ желілердің әрекеттестігі және трафикті өткізу бойынша осыған байланысты міндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту қамтамасыз ету;

-телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсiне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсi бойынша трафиктi өткiзудi реттеу ережелерiн әзірлеу және бекіту қамтамасыз ету;

- телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;

  • басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын әзірлеуді қаматамсыз ету;
  • абонементтік жәшiк адресаттарын пайдалану тәртібін белгілеу;
  • пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды айқындау.
  • Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
  • операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • тағайындалған пошта операторын тағайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін кері қайтарып алады;
  • пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету.
  1. іске асыру:
  • басқарманың құзыреті шегінде бекітілген тәртіппен байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
  • Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында пошта байланысының өндіріс объектілеріне пошта индекстерін беру;
  • ұлттық пошта операторын айқындауды қамтамасыз ету;
  • жыл сайынғы тақырыптық жоспарларда оған сәйкес Ұлттық пошта операторы пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін шығаруды және өткізуді ұйымдастыратын пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін шығару түрлерін бекітуді қамтамасыз ету;
  • басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне қатысты есептерді, анықтамаларды, таныстырылымдарды және басқа да құжаттарды дайындау;
  • басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде байланыс саласын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, байланыс операторларымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасу;
  • басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің Алқа отырыстарына және Министрлік құрған кеңесші органдарға қатысу;
  • басқарманың құзыреті шегінде кеңестер, форумдар және іс-шаралар ұйымдастыру;
  • басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар өткізетін кеңестерге, отырыстарға, семинарларға, конференцияларға қатысу;
  • басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге түсініктемелер беру;
  • заңнаманы жетілдіру мақсатында басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;
  • басқарманың құзыреті шегінде Стратегиялық және Операциялық жоспарлардың іс-шараларын орындау бойынша жұмыстар жүргізу;
  • басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметті үйлестіру;
  • басқарманың құзыреті шегінде байланыс мәселелері бойынша іс-сапарларға қатысу;
  • басқарманың құзыреті шегінде «Шетелдік іссапарлар» және «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарды қалыптастыру және қаражатты пайдалану есебін жүргізу;
  • басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыздарды беру қажеттілігі туралы Заң департаментін хабардар ету және ұсыну.

5. БСЖТИДБ:

5.1 Міндеті: Байланыс саласындағы жаңа технологияларды және инфрақұрылымды дамыту.

Функциялары:

  1. стратегиялық:
  • Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі ретінде басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы көрсеткіштер, сондай-ақ байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамыту мәселелері бойынша халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;
  • басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы көрсеткіштер, сондай-ақ байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамыту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар Халықаралық электр байланысы одағымен (ХЭО), Байланыс саласындағы аймақтық достастығымен (БАД) өзара іс-қимыл жасасу;
  • басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы жаңа технологияларды және инфрақұрылымды дамытуға және жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
  • басқарманың құзыреті шегінде ХЭО, БАД және басқа да халықаралық ұйымдар жіберетін құжаттарды қарау, келісу және ұсыныстар беру.
  1. реттеу:
  • басқарманың құзыреті шегінде жаңа технологияларды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосу және мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың интранет ресурсына мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы қол жеткізуге рұқсат беру ережесін анықтау;

- мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланатын мемлекеттік органдарды, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерін айқындау.

3) іске асыру:

мониторинг статистических показателей в области связи, а также подготовка отчетов, справок, презентаций и других документов по данному вопросу;

- байланыс саласындағы жаңа технологияларды және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған байланыс саласындағы жобаларды іске асыру, сондай-ақ іске асыруға қатысу;

  • басқарманың құзыреті шегінде кеңестер, форумдар және іс-шаралар ұйымдастыру;
  • басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру шеңберінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерге түсініктемелер беру;
  • басқарманың құзыреті шегінде Стратегиялық және Операциялық жоспарлардың іс-шараларын орындау бойынша жұмыстар жүргізу;
  • басқарманың құзыреті шегінде «Шетелдік іссапарлар» және «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламалары бойынша жоспарды қалыптастыру және қаражатты пайдалану есебін жүргізу;
  • басқарманың құзыреті шегінде бюджетті қалыптастыру, мемлекеттік сатып алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
  • өз құзыреттері шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын уақытылы және сапалы орындау және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беру;
  • басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес байланыс бағдарламаларында көзделген ай сайынғы және тоқсан сайынғы жұмыстарды қабылдау үшін негіз болатын сәйкестік актілерін, есептерді және өзге құжаттарды қарау және қол қою жұмыстарын ұйымдастыру;
  • басқарма жетекшілік ететін мәселелер шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарына және мемлекеттік сатып алу жоспарына ұсыныстар дайындау;
  • бюджетті жоспарлау және оны орындау басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқарманың бюджеттік өтінімін қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

  1. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Директор басқарады.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент директорының орынбасары болады.
  4. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Кіріс және шығыс хат-хабарлары хаттарына министр, жауапты хатшы және жетекшілік ететін вице-министр өз қарарын қояды, олар белгіленген мерзімдерде міндетті түрде орындалуға жатады.
  6. Департамент директоры министрге, өз құзыреті шегінде жауапты хатшыға, жетекшілік ететін вице-министрге бағынады.
  7. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады.

13. Директор:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Департаменттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

14. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің қызметiн үйлестiредi;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департаменттің директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

16. Департамент директоры, оның орынбасары және Департамент Басқармаларының басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

17. Департамент жұмыскерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілетін олардың лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы