Сәдуақасова Жанат Жолдасқызы 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде жетекші маманы болып бастаған. 2007-2008 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ және "Самғау" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ қызмет етеді. Бұдан соң, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Ақпараттандыруды дамытудың саясаты басқармасында еңбек етіп, кейін ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Ақпараттық технологиялар департаментінің интеграция және жобаларды дамыту басқармасының бастығы лауазымына қабылданады. 2010 жылы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі құрылған соң, аталған Министрліктің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті электрондық қызметтерді дамыту басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Нормативтік-техникалық  құжаттамаға сараптама жүргізу және ақпараттық жаңа модельді дамыту басқармасының басшысы қызметіне ауысады. Екі жылдан соң Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде өз қызметін жалғастырады.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры лауазымына тағайындалады. Министрліктің қайта құрылуына орай, өз қызметін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ауысады.

2019 жылдан бері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің департамент директоры.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы