Бөкеева Гүлнар Сембекқызы

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры

Ташкент электротехникалық байланыс институтының түлегі. Еңбек жолын 1981 жылы бастаған. Мемлекеттік қызметке келмес бұрын байланыс саласындағы түрлі ұйымдарда еңбек еткен.

2002 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетінің РЖС қолдануды жоспарлау бөліміне бас маман ретінде қабылданады. Ведомствоның қайта құрылуына байланысты  2003 жылы өз қызметін ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің  Мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаментінде РЖС қолдануды жоспарлау бөлімінің бас маманы ретінде жалғастырады.

2007 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті Байланыс саласындағы РЖС меншіктеу және мемлекеттік қадағалау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалады. 2017 жылға дейін түрлі министрліктерде РЖС меншіктеу және мемлекеттік қадағалау бөлімінде, Лицензиялау және радиожиілік спектрін тағайындау басқармасында, Лицензиялау және РЖС беру басқармасында, Радиожиілік спектрды жоспарлау және халықаралық үйлестіру басқармасында қызмет етті.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаменті директорының орынбасары болып тағайындалады. Ал, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры қызметіне кіріседі.

2019 жылғы сәуірден бері  Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы