You are here

Жаңалықтар

18.07.2017 г.

«Зенит» Орал зауыты ҚР ҰҚК Шекара қызметіне арналған жоғарғы жылдамдықты катерін суға түсірді

 «Қазақстан инжиниринг» АҚ құрамына кіретін «Зенит» Орал зауыты» АҚ 2017 жылдың 18 шілдеде, Орал қаласында (Батыс-Қазақстан облысы) FC-19 жобасының 27 тоннаға дейінгі жоғарғы жылдамдықты катерін суға түсіруін жүзеге асырды.

Салтанатты шараға Батыс-Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгінов, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілдері, «Жағалау күзеті» аумақтық басқармасының жеке құрамы, «Зенит» зауыты ұжымы және катер экипажының жеке құрамы қатысты.

FC-19 жобасының катері зауыт үшін 27-ші бірлігі болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі үшін жасалынды.

Катердің жоғарғы жылдамдықты және маневрлік қасиеттері бар. Бұл тайыз шөгуі бола тұра, оған өзендерге кіруге жағдай жасайды және Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметіне жоғарғы жылдамдықты желкенді қайықтармен – республикамыздың теңіз шекарасын бұзушылармен және Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде заңсыз балық аулаушылықпен айналысып жүрген, броконьерлермен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді.

Түсіргелі тұрған катердің барлық FC-19 сериясының катерлерінен ерекшелігі экипаж үшін жақсартылған тұрмыстық жағдайлар.

Алдағы уақытта катерді швартовтық, жүру және қабылдау сынақтары және тапсырыс берушіге тапсыру күтуде.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы