You are here

Жаңалықтар

15.06.2017 г.

Өзбекстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің делегациясы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытында болды

Өзбекстан Республикасы қорғаныс Министрінің қарулану және жабдықталу бойынша орынбасары полковник Атабек Ибадуллаев бастаған делегация «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді.

Кәсіпорынның Бас директоры Ербол Сәлімов қонақтарға «Арлан» броньды дөңгелекті машинасын өндіру технологиясымен таныстырып және броньды техниканың артықшылықтарын баяндап берді.

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Өзбекстан Республикасының қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытында болғанын еске саламыз.

Сонымен қатар, зауыттың алаңында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және басқа да Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын (бұдан әрі – ҚР ҚӨК) таныстыру рәсімі ұйымдастырылды.

Атабек Ибадуллаев ҚР ҚӨК өнімдері мен қызметтерін кооперациялау және сатып алуға деген қызығушылығын жеткізді.  

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы