You are here

Жаңалықтар

07.10.2019 г.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 қаулысы туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2019 жылғы 30 қыркүйекте «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылдады.

Қаулыға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде ақпаратты өзекті ету үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осылайша, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне 440-тан аса түзету енгізілді. Бұл түзетулер 54 қызметті электрондық нысанға аударуды, 43 қызметті баламасыз тек қана «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуды, жаңа «Тұрғын үй сертификаттарын беру» қызметімен енгізуді, ескірген 18 мемлекеттік қызметті, соның ішінде мекенжай анықтамасын алып тастауды және редакциялық түзетулерді көздейді.

Қаулы 2019 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін мекенжай анықтамасын алып тастау нормасын қоспағанда, 2019 жылғы 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы