You are here

Жаңалықтар

31.07.2019 г.
Постановлением Правительства  назначены 4 вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің 4 вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Нұрғожин, Асхат Оразбек, Абылайхан Оспанов, Дарын Тұяқов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі  вице-министрлері болып тағайындалды.

Нұрғожин Марат Рахмалыұлы, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін, кейін осы жоғары оқу орнының аспирантурасын тәмамдаған. Еңбек жолын 1980 жылы Қарағанды политехникалық институтының зерттеушісінен бастаған. Әр жылдары Жоғары оқу орындарында, Білім және ғылым министрлігінде, "Самғау "Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Қазақстан Ғарыш Сапары"ҰК АҚ-да жұмыс істеді. 2016 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, 2019 жылғы сәуірден ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. Марат Нұрғожин аэроғарыш өнеркәсібі мәселелері бойынша жетекшілік етуді жалғастырады.

Оразбек Асхат Елубайұлы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика, инженер-бағдарламашы мамандығы бойынша түлегі. Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы  Қолданбалы математика институтында «Компьютерлік математикалық физика» зертханасының инженері ретінде бастаған. Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімінің сектор меңгерушісі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар", "Зерде" ҰИКХ, "ҚазТрансОйл", "Транстелеком" АҚ-дарында, ҚР Блокчейн  мен криптотехнологияларды дамыту қауымдастығында басшылық қызметтерді атқарды. 2019 жылғы сәуірден ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице - министрі. Асхат Елубайұлы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жетекшілік етуді жалғастыратын болады.

Оспанов Абылайхан Есенұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі. Әр жылдары жеке және коммерциялық құрылымдарда, «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ-да, ҚР Ішкі істер, Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникациялар, Инвестициялар және даму министрліктерінде, Байланыс және ақпарат агенттігінде, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының қоғамдық қабылдауында, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-да қызмет етті. 2017 жылдан 2019 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Басқарма төрағасы болды. 2019 жылғы сәуірден – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице - министрі. Абылайхан Есенұлы электрондық қызметтерді дамыту мәселелеріне жетекшілік етуді жалғастыратын болады.

Тұяқов Дарын Шылбынұлы, Ю.В. Андропов атындағы Ленинград  жоғары әскери-саясат ӘҚҚ училищесінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің, Халықаралық бизнес академиясының, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі. 1990 жылы ӘҚҚ Радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық рота командирінің орынбасары болып тағайындалады, кейін ҚР Әділет министрлігінің жетекші консультанты болып қызмет етеді. 2002 - 2018 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ-да Заң бөлімінің бастығынан бастап, Бас директорының орынбасары, Бас директоры,  Аппарат басшысы, Басқарма мүшесі лауазымдарын атқарған. 2018-2019  жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болды. 2019 жылғы сәуірден - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. Дарын Шылбынұлы байланыс саласы бойынша жетекшілік етуді жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №24 Жарлығымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің геодезия және картография саласындағы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің елдің инновациялық саясаты, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылғанын естеріңізге салып өтеміз.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы