You are here

Жаңалықтар

21.08.2019 г.

ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қатысты.

Келісімді ратификациялау "Байқоңыр" ғарыш айлағынан поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру кезінде "Союз-2"  типті тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктерді қабылдау үшін берілген жер учаскесін Ресей тарапының пайдалану тәртібін реттеуге мүмкіндік береді.

Келісім шеңберінде жүргізілетін жұмыс "Байқоңыр" ғарыш айлағынан коммерциялық ұшырылымдарды жүзеге асыру арқылы жүктемесін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде, "Байқоңыр" кешенінің тіршілік әрекетіне оң әсерін тигізбек.

"Союз-2 " зымыран тасығышын ұшыру үшін  экологиялық қауіпсіз отын пайдаланылады. Келісім талаптарына сәйкес, зымыран-тасығыштардың бөліктерін қабылдайтын аймақтың  экологиялық ахуалына мониторинг  жүргізу шараларына  қазақстандық ұйымдар мен мамандар қатыстырылады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы