You are here

Жаңалықтар

15.06.2017 г.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (ҚР ҚАӨМ) Қоғамдық кеңес өтті, онда Министр Бейбіт Атамқұлов жұмыс қорытындысы бойынша есеппен сөз сөйледі.

Отырысты аша отырып, Министр өткен жылы 2017-2018 жылдарға арналған ҚР ҚАӨМ Стратегиялық жоспары қабылданғанын және міндеттерінің анықталғанын атап өтті: қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің дамуы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз еті, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру.

2016 жылдың қорытындысы бойынша барлық салалық нысаналық индикаторлар толық көлемде орындалды.

Қоғамдық кеңестің мүшелері ҚР ҚАӨМ қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және келешек жобаларды әзірлеу мәселесін талқылады.

«Бүгінде Қазақстанда ҚӨК 36 мекемесі жұмыс істеп тұр, онда шамамен 12 мың адам еңбек етуде. Біз қойған міндет – ол бәсекеге қабылеттілікті арттыру үшін кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға, жаңа және перспективты әскери өнімдерінің түрі мен азаматтық мақсаттағы, сондай-ақ, жұмыс орындарын сақтап қалуды игеруге мүмкіндік береді», - деді Б. Атамқұлов.

Сонымен қатар, Б. Атамқұлов Қоғамдық кеңестің мүшелерін ғарыш саласындағы жобаларды іске асыру жөнінде хабардар етті.

«KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі, жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі құрылып және ойдағыдай жұмыс істеп тұр 2018 жылдың басында ғылыми-технологиялық мақсаттағы бірлескен қазақстан-британ инженерлер тобымен құрылған екі спутникті іске қосамыз», - деп атап өтті ол.

2017 жылы Астана қаласында ғарыш аппаратын Құрастыру-сынау кешенінің құрылысын аяқтау жоспарлануда, онда массасы 100 кг. 6 тоннаға дейінгі салмақтағы спутниктерді жобалаудан бастап жинау және сынауға дейінгі жұмыстар жүргізіледі, сондымен қатар, спутниктін жинақтаушылары өндірілуде. 2018 жылы шетелдік тапсырысты алу мақсатында халықаралық стандарттар бойынша сертификаттауды бастау жоспарлануда.

Сондай-ақ Министр «Байқоңыр» кешенін қолдануға және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құруға отырыс қатысушыларының назарын аударды. Оның айтуынша, жақын арада Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын, қолайлы әлеуметтік-экономикалық ортаны құру, инвестицияларды тарту, жаңап жұмыс орындарын құру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және туризімді дамыту бойынша елеулі шаралар кешені қабылданатын болады.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы жылдың 12-13 маусымында өткен Байқоңыр кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық 5-ші отырысын оң бағалады, онда «Бәйтерек» жобасының шеңберінде жаңа қанатқақты зымыранды ұшыру мерзімін 2025 жылдан 2022 жылға ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Ерекше назар киберқауіпсіздік мәселелеріне аударылды. Қоғамдық кеңес өкілдері Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Қазақстанның киберқалқаны» Тұжырымдамасының жобасын дайындауға және талқылауға белсенді атсалысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері 2016 жылға арналған ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің есебін бірауыздан құптады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы