You are here

Жаңалықтар

05.11.2019 г.

Қазақстанда геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің жаңа стандарты бекітіледі

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының жобасы жарияланды.

Ұсынылатын жаңалықтардың қатарында-мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлерін көрсету мерзімдерін қысқарту. Атап айтқанда, келесі жаңашылдықтар енгізуге ұсынылады:

1. «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру, есепке алу және тіркеу» 25-тен 13 жұмыс күніне дейін;

2. «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты,20-дан 9 жұмыс күніне дейін;

3. «Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, 30-дан 19 жұмыс күніне дейін.

Айта кетейік, аталған қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі

№ 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының 626, 627 және 628-тармақтарына сәйкес электрондық форматта көрсетіледі.

Сонымен қатар, Бұйрық жобасын қабылдау қисынсыз әлеуметтік–экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы