You are here

Жаңалықтар

27.07.2017 г.

Қазақстан Республикасының ұшқыш ғарышкері Айдын Айымбетовке 45 жас

Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-да салтанатты жиналыс өтті, оның барысында ұшқыш ғарышкер, Халык Каһарманы, ҚР авиация генерал-майоры Айдын Аимбетовті 45 жасқа толған мерейтойымен құттықтау ұйымдастырылды.   

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин ҚР ҚАӨМ басшысы Бейбіт Атамқұловтың атынан құттықтау оқыды.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұжымының атынан және жеке өз атымнан Сізді 45 жасқа толған мерейтоймен құттықтаймын!

Жұмыс істеген жылдары Сіз Қазақстанның ғарыш қызметін іске асыруға сүбелі үлес қостыңыз. Вице-президент қызметінде Сіз «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ өркендеуі мен дамуына көп нәрсе істедіңіз.

Қазір Сіздің басшылығыңызбен жаңа ғарыштық жобаларды табысты іске асыру жалғасуда», - деп құттықтауда атап өтілген.

Компанияның басшылығы мен ұжымы Айдын Аимбетовті туған күнімен құттықтады және еңбегіне табыс әрі алған қойған мақсаттарға жетуді тіледі.

Айдын Аимбетов – қазақстандық ұшқыш ғарышкер, Халык Каһарманы, ҚР авиация генерал-майоры 2015 жылы 2-12 қыркүйек аралығында  экипаж құрамында кеме командирі ресейлік Сергей Волков пен Дания Корольдігінің астронавты Андрес Могенсен бар «Союз ТМА-18М»  ғарыш кемесінің  бортинженері ретінде ұшты. Ұшу ұзақтығы 9 тәулік, 20 сағат 13 минут 51 секунд құрады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы