You are here

Жаңалықтар

15.06.2017 г.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Союз-2.1а»зымыран-тасығышының құлауының салдарынан далалық өрттің нәтижесінде қайтыс болған отбасына көңіл айтады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Союз-2.1а»зымыран-тасығышының құлауының салдарынан далалық өрттің нәтижесінде қайтыс болған 1964 жылғы Хатюшин Юрий Андреевичтың отбасына көңіл айтады.

Бір зардап шеккен, денесін 2-3 дәрежелі күйік шалған 1968 жылы туған, Тыц Вячеслав Павлович Жезқазған қаласының орталық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.

Өған тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Зардап шеккен де, қайтыс болған да Қазақстан Республикасының азаматтары, «Машина жасау ҮЕҰ»ӘПК» АҚ жер үсті құрамының іздестіру тобының қызметкерлері.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі зымыран-тасығыштың құлаған бөлігінде гептил бары туралы шыққан мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Зымыран отыны компоненттері ретінде «Союз-2.1а» зымыран-тасығышының қозғаушы қондырғыларында сұйық оттегі және керосин қолданылады.

Бұрын хабарланғандай 2017 жылдың 14 маусым айында Астана уақытымен сағ.15.20 «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31 алаңынан «Прогресс МС-06» мен «Союз-2.1а» зымыран тасығышы ұшырылды.

Ұшырылым штаттық режимде өтті. 117 секундында бірінші сатысы бөлінді, оның бөлшектері берілген ауданда шамамен Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Талап кентінде 20 шақырым жерде құлады.

Құлау бөлігінің сатысы нәтижесінде дала өрті орын алды. Себебі, қолайсыз климаттық жағдайларға байланысты (қатты жел, екпіні 18 м/с дейін) 10000 га аумаққа өрт тарады.

Өрт 15.06.2017 ж. сағ. 03.31 жойылды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы