You are here

Жаңалықтар

15.03.2019 г.
С космодрома «Байконур» успешно стартовал транспортный пилотируемый корабль «Союз МС-12»

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-12» транспорттық басқарылатын кемесі сәтті ұшырылды

Бүгін, 2019 жылғы 15 наурызда қазанда Астана уақыты бойынша сағат 01:14-те «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» зымыран-тасығышымен «Союз МС-12» транспорттық басқарылатын кемесінің (ТБК) ұшырылуы сәтті өтті.

Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті ұзақ мерзімді экспедициямен баратын экипажы бар «Союз МС-12» ТБК-нің ұшырылымы «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 1 алаңынан («Гагарин стартынан») жүзеге асырылды және штаттық режимде өтті.

Экипаждың құрамында Роскосмостың ғарышкері Алексей Овчинин (ТБК командирі), «NASA» астронавтары Ник Хейг (бортинженер) пен Кристина Кук (бортинженер) бар.

«Союз МС-12» ТБК-нің ұшырылымы ХҒС-тың ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Ұшудың жоспарланып отырған ұзақтығы 204 тәулікті құрайды.

«Союз МС-12» кемесінің ХҒС жақындауы төрт айналымдық схемамен жүргізіледі.

Экспедицияның мақсаттарына ресейлік және американдық жүк кемелерімен жұмыс істеу, стансаның жұмыс қабілеттілігін сақтау, фото- және бейне түсірілімдерді жүргізу, сондай-ақ ғылыми-қолданбалы зерттеулерді орындау кіреді.

Бұдан бөлек, экипаж ХҒС-қа басқарылатын режимде станцияны пайданалау үшін отын, тамақ, су және тағы басқа жүктерді жеткізеді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы