You are here

Жаңалықтар

18.07.2017 г.

Ауғанстанның Үкіметтік делегациясы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына келді

Бүгін Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметтік делегациясы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қызметімен танысты.

Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Кеңесшісі Мохаммад Ханиф Атмар, Ауғанстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Фарук Бараки және басқа да Ауғанстан Ислам Республикасының әлеуетті мекемелерінің басшылары металды пішу, броньды табақтарды дәнекерлеу, бояу және броньды көлікті жинау цехтерін көріп шықты.

Қонақтар «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС жабдықталу деңгейі мен  өндірістік әлеуетіне жоғары баға берді. Зауыт шығарып отырған броньды техникалар «Арлан» БДМ және «Барыс 8х8» БТР М. Атмардың қызығушылығын тудырды.

Анықтама:

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азиядағы минаға қарсы күшейтілген қорғанысы бар MRAP үлгісіндегі заманауи броньды дөңгелекті машина өндіретін алғашқы зауыт. Кәсіпорын «Арлан» БДМ, «Номад» БДМ және «6х6», «8х8» дөңгелекті формуласындағы «Барыс» БТР сияқты броньды техниканы шығарады. Аталған машиналар өз классындағы әлемдегі ең үздік болып саналады. 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы