You are here

Жаңалықтар

17.04.2019 г.
Аскар Жумагалиев: «Опыт проекта «Smart Aqkol» нужно расширять»

Асқар Жұмағалиев: ««Smart Aqkol» жобасының тәжірибесін кеңейту қажет»

ҚР Цифрлық  даму,  қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Smart Aqkol» жобасының жүйесі мен қызметтерін қамтамасыз етіп отырған Ахуалдық орталықта болып, «ақылды» қала принциптерін енгізудің негізгі нәтижелерімен танысты.  

«Бүгінгі күні елімізде «ақылды» қалаларды дамытудың бірыңғай стандартын  жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті   «Smart Aqkol» жобасын жүзеге асыру барысында жинақтаған тәжірибелерді бірыңғай стандартта ескерген жөн. Бұл болашақта қалаларды дамытудың «smart» принципінің мағынасын айқындап, қандай да бір түсінбеушіліктердің орын алуына жол бермейді»,- деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Министр электрондық төлем саласындағы жұмысты жандандыра  түсудің  маңыздылығына да тоқталды. Оның пікірінше, қоғамдық көлік, коммуналдық және мемлекеттік қызметтер үшін электрондық төлемдер жүргізуге және олардың  көлемін арттыруға болады.

Кездесу барысында өңірлердің цифрландыру рейтингін енгізу туралы ұсыныс айтылды. Асқар Жұмағалиев қолдау білдіріп, бұл өз кезегінде еліміздің цифрлық дамуына серпін беріп қана қоймай, сала көшбасшыларын анықтауға, олардың тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Осымен бірге, Министр ғарыштық байланыс орталығында болып, байланыс және жерсеріктерді ұшыру мониторингін басқару орталығының қызметімен, мақсат-міндеттерімен танысты.

АНЫҚТАМА:

«Smart Aqkol» жобасы - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі. Жобаның негізгі мақсаты – қалалық қызметтердің жұмысын мониторингілеу және бақылау үшін ақпараттық ағындарды агрегаттау негізінде «ақылды қала» тұжырымдамалық моделін құру. Атап айтқанда, «ақылды қала» тұжырымдамасы инфрақұрылымды, интеграцияланған жүйелерді және деректерді бақылау және талдауға арналған датчиктер мен элементтер желісін қамтиды. Қаланың барлық аумағы бойынша өзекті ауқымды ақпарат көлемін жинау мақсатында қажетті цифрлық және зияткерлік инфрақұрылым құрылды. Атап айтқанда, 17,5 км талшықты-оптикалық байланыс желіжолы, LoRaWAN энергия тиімділік желісі, қоғамдық Wi-Fi жәнеLTE желісі жаңғыртылды. Бұл өз кезегінде бейнебақылау жүйесі құрылғыларын қосу, экологиялық мониторингілеу және энергия ресурстарын бақылау және есепке алу, жол трафигін, өрт қауіпсіздігін, көшені жарықтандыру және басқа да IoT датчиктерді басқару мүмкіндігін қамтамасыз етті.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы