You are here

Жаңалықтар

2017 жылдың 21 маусымында Хенк Камп (Henk Kamp) Экономикалық байланыс министрі бастаған Нидерланд ресми делегациясы Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығының жұмысымен танысты.

Швеция Корольдігінің Парламент Спикері Урбан Алинның (Urban Ahlin) Қазақстанға ресми сапары аясында Швеция делагаациясы Астана қаласындағы Ұлттық ғакрыш орталығын барып қайтты.

Делегация құрамына Парламент мүшелері, сонымен қатар, Швеция ғарыш корпорациясының Президенті Стефан Гардефьорд (Stefan Gardefjord) пен Швед ғарыш кеңесінің Бас директоры Олле Норберг (Olle Norberg) кірді.

ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының (ҒЗО), деректері бойынша «Союз-2.1а» зымыран-тасығышыныңбірінші сатысындағы бүйірлік блоктарының құлау орнында зымыран отынының қоршаған ортаны улау қаупі жоқ.

«Ғарыш-Экология» ҒЗО мамандарымен топырақ пен ауаның сынамаларын жинау жүргізілді. Сынамаларды талдау Жезқазған қаласында орналасқан стационарлық зертханада жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Союз-2.1а»зымыран-тасығышының құлауының салдарынан далалық өрттің нәтижесінде қайтыс болған 1964 жылғы Хатюшин Юрий Андреевичтың отбасына көңіл айтады.

Бір зардап шеккен, денесін 2-3 дәрежелі күйік шалған 1968 жылы туған, Тыц Вячеслав Павлович Жезқазған қаласының орталық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.

Өған тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (ҚР ҚАӨМ) Қоғамдық кеңес өтті, онда Министр Бейбіт Атамқұлов жұмыс қорытындысы бойынша есеппен сөз сөйледі.

Өзбекстан Республикасы қорғаныс Министрінің қарулану және жабдықталу бойынша орынбасары полковник Атабек Ибадуллаев бастаған делегация «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді.

Кәсіпорынның Бас директоры Ербол Сәлімов қонақтарға «Арлан» броньды дөңгелекті машинасын өндіру технологиясымен таныстырып және броньды техниканың артықшылықтарын баяндап берді.

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Өзбекстан Республикасының қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытында болғанын еске саламыз.

2017 жылғы 13 маусымда Байқоңыр қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің төрағалығымен «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. А. Мамин 2016 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Н.

KazEOSat-1 қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараты және Airbus Defense and Space компаниясының «Плеяды» француздық ғарыш аппараты  2015-2017 жылдар кезеңінде Астана қ. «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме нысандарының құрылысы жүргізілген аумақты түсіруді жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Сауд Арабия Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесті.

Әңгімелесу барысында ғарыш саласындағы өзара қарым-қатынастың перспективті бағыттарын талқылады.

Кездесу басында Б. Атамқұлов делегацияны қошеметтеп, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысқандары үшін оларға алғыс айтты.

10 маусымда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов және Люксенбург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрінің орынбасары Этьенн Шнайдер «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш орталығына барып қайтты, мұнда шетелдік қонақтар компанияның іске асырылатын жобаларымен танысты.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы