You are here

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру»

 

1. Жалпы ережелер

      1. «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
    2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      лицензия беру кезінде – 10 (он) жұмыс күні;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
      лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық емес факті белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде бұдан әрі өтінішті қараудан дәлелді түрде бас тартады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
     6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алуға жүгінген кезде лицензия электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметі беруші басшысының қолтаңбасы мен мөрімен куәландырады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:
      1) лицензияны бергені үшін – 186 айлық есептік көрсеткішті;
      2) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
      3) лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен артық емес.
      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, олар төлемнiң көлемi мен күнiн растайтын түбiртек немесе төлемдік тапсырма бередi.
      Портал арқылы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, лицензиялық алымды төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      лицензия алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;
      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 және 4-қосымшаларға сәйкес өтініш;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін (лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда) (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде рәсімделген болса):
      еркін нысандағы өтініш;
      лицензияның телнұсқасын бергені үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) порталға:
      лицензия алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      лицензияның телнұсқасын беру үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде рәсімделген болса):
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымды бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін:
      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығышта өтінішті қабылдағаны туралы растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады;
      порталға – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе жолданады.
      10. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
      2) лицензиялық алым енгізілмеуі;
      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алуы;
      5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы;
     6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер болып табылады.

 

Дата: 
Бейсенбі, 16 наурыз, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы