You are here

Басшылық

Ярошенко Виталий Владимирович

ҚР Цифрлық  даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша (1999), Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша (2002), Көкшетау экономика және менеджмент институтын ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша (2006) тәмамдаған.

2003 жылдан бастап байланыс саласына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2015-2016 жылдар аралығында  – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары,  2016-2017жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаментінің директоры.

2017-2019 – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті, Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды.

2019 жылғы мамырда ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

 

Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары

Худайбергенова Зульфия Каримжанқызы 1969 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген.

Ташкент политехникалық институтын инженер-жүйе технигі мамандығы бойынша (1992), Ташкент педагогикалық институтын педагог - психолог мамандығы бойынша (2000) тәмамдаған.

1999 жылдан бастап байланыс саласында жұмыс істейді.

2014 жылы – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Байланыс департаменті директорының орынбасары.

2014 – 2016 жылдар  – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Телекоммуникация жобаларын дамыту басқармасының басшысы.

2017 – 2018 жылдар – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаментінің директоры.

2018 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2019 жылғы 8 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерекелік медальдармен марапатталған.

 

Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары

Айтасов Нұржан Мүсірұлы 1974 жылдың 13 наурызында Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1996 жылы Алматы автомобиль - жол институтын көлік ұйымдастыру және көліктік менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған, 1998 жылы заңгер-құқықтану мамандығын алды.

2002 жылдан бастап коммуникациялық салаға жауапты мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда болды.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы