Құралбай БҰХАРБАЕВ

Инновациялық экожүйе департаменті директорының орынбасары

Құралбай Сеитбайұлы Бұхарбаев, 1962 жылы Өзбекстан ССР, Қарақалпақстан АССР, Шымбай ауданы, Сарманжап ауылында туылған, қазақ, жоғарғы білімді, 1984 жылы «ядролық физика» мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетін бітірген.

Физика - математика ғылымдарының докторы (1997ж.,РФ), Электротехника саласының құрметті докторы (1913ж.,РФ), Халықаралық электротехника ғылымдары академиясының (2006ж.,РФ) және Кешенді қауіпсіздік жөніндегі дүниежүзі академиясының толық мүшесі (академигі) (2009ж.,РФ). 

Қ.С.Бұхарбаев өзінің еңбек жолын 1984 жылы жас маман ретінде ҚазССР Ғылым академиясы Жоғары энергиялық физика институтының Моделдеу зертханасының инженері лауазымында бастаған. Ол 1996 жылдың қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Физика-техникалық институтының Моделдеу зертханасында аға инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған.

1996 және 1997 жылдар аралығында Ресей Ғылым академиясының Физика институтында бір жылдық ғылыми сынақтан өтіп, «Жартылай өткізгішті қондырғылардың ғарыш сәулелеріне радиациялық төзімділігін зерттеу» тақырыбы бойынша докторлық диссертацияны табысты қорғаған.

1997 жылдан 1999 жылға дейін «Физика – техникалық институтының» аға ғылыми қызметкері, одан әрі 1999 жылдың қазан айынан бастап 2000 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Салааралық ақпараттар ғылыми-техникалық орталығында» директордың сыртқы экономикалық мәселері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Қ.С.Бұхарбаев 2000 жылдың шілде айынан 2004 жылдың желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде дипломатиялық қызметте болған. Ол алдымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің (Анкара қаласы) бірінші хатшысы, одан соң Қазақстан Республикасының Стамбұл қаласындағы (Түркия Республикасы) Бас консулдығының консулы қызметін атқарған. Консул (бірінші хатшы шеніндегі) – дипломатиялық шені бар.

2005 жылдың наурыз айынан бастап Қ.С.Бұхарбаев, ауысу тәртібімен Сыртқа істер министрлігінен Индустрия және сауда министрлігіне қызметке өтіп, Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған.

Қ.С.Бұхарбаев 2007 жылдан 2010 жылға дейін Индустрия және сауда министрінің, ал 2010 жылдан 2014 жылға дейін Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2014 жылдың 01-қазанынан бастап Қ.С.Бұхарбаев Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалған.

2019 жылдың 19-тамызынан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19-маусымдағы «инновация мен елдің ғылыми техникалық дамуын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беру туралы Жарлығына сәйкес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті директорының орынбасары болып тағайындалған.

Қ.С.Бұхарбаев Мемлекеттік индустриялды - инновациялық даму, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын, Елбасының Қазақстан Халқына жолдауларын іске асыруға және Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға тікелей атсалысуда. Ол кезінде республикалық бюджеттік ғылыми-техникалық бағдарламалардың жауапты орындаушысы болды. Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңының жобасын және ғылымды қаржыландырудың жаңа механизмдерін жасауға қатысты. Сонымен бірге, ол Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейінгі атом саласының даму стратегиясын әзірлеу туралы құрылған республикалық жұмыс тобының құрамында жұмыс атқарған.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы тарапынан жүзеге асырылған «Ислам дүниясының инновациялық атласы» атты жобаның ұлттық үйлестірушісі болған. Сонымен қатар,Қ.С.Бұхарбаев Еуропа Одағының Кавказ,Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерімен ғылыми-техникалық ынтымақтастық орнату туралы 7-ші шектеулі бағдарлама шеңберінде ұымдастырылған көпжақты конференциялар мен симпозиумдардың белсенді қатысушысы.

Қ.С.Бұхарбаев 50 ғылыми-техникалық мақалалармен бірнеше ғылыми баяндамалардың авторы.

Қ.С.Бұхарбаев 2005 жылдан бастап «Интерэлектро» халықаралық үкіметаралық электротехника саласы бойынша экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық ұйымының кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілі міндетін атқарады. Ол 2012 жылы «Интерэлектро» Халықаралық ұйым кеңесінің төрағасы болып сайланған

Қызметтегі оңтайлы жетістіктерімен министрліктің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Қ.С.Бұхарбаев:

«Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен» (2016ж.);

«Қазақстан Республикасының Парламентіне – 10 жыл» (2006ж.);

«Астананың 10 жылдығы» (2008ж.);

«Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.);

«Интерэлектро ұйымына – 30 жыл» (2007ж.);

«Интерэлектроға» сіңірген еңбегі үшін» («Интерэлектро», 2012 ж.);

«Семей ядеролық сынақ алаңының жабылғанына 20 жыл» (2011ж.) мерекелік медальдарымен, сонымен қатар, Премьер-Министр орынбасарларынан, Мемлекеттік хатшыдан, Сыртқы істер, Индустрия және жаңа технологиялар және Инвестициялар және даму министрлерінің  жазбаша алғыс хаттарымен марапатталған.

Күні: 
Дүйсенбі, 2 Қыркүйек, 2019
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы