Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры

 

Мұхамеджанов Жәнібек Омарбекұлы

 

1982 жылы 1 қазанда дүниеге келген. 2004 жылы Рудный индустриалдық институтын инженер-системотехник мамандығы бойынша аяқтады. 2011 жылы Ұлыбританияда Уорвик университетін аяктады.

2002-2004 ж.ж. - «Имстальком» Рудный монтаж фирмасы шарт бойынша 4 дәрежелі электр ұстасы болып еңбек жолын бастады.

 

07.2004-10.2004 ж.ж. - Жеке еңбек шарты  бойынша рудный аймақтық электр жүйелеріне электр жөндеуші

12.2004-05.2005 ж.ж. - «Шестопалов» ЖК, сауда бойынша менеджер

05.2005-06.2005 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және сауда-техникалық даму министрлігінің инновациялық ғылыми-техникалық даму басқармасының ғылыми-техникалық реттеу бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы

06.2005-12.2006 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және сауда-техникалық даму министрлігінің инновациялық ғылыми-техникалық даму басқармасының ғылыми-техникалық реттеу бөлімінің жетекші маманы

12.2006-06.2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және сауда-техникалық даму министрлігінің инновациялық ғылыми-техникалық даму басқармасының ғылыми-техникалық реттеу бөлімінің бас маманы

06.2008-02.2009 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инновациалық және инвестиицалық саясат департаментінің инвестициялық саясат басқармасының бас сарапшысы

07.2009-07.2010 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инновациалық және инвестиицалық саясат департаментінің қаржылық есеп құралы басқармасының бас сарапшысы, Астана

07.2010-01.2012 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің инвестициялық жоблара басқармасының бас сарапшысы

01.2012-04.2014 ж.ж. - «Acтана Innovations» АҚ инвестициялық-қаржы саясаты бойынша инвесторларға қызмет көрсету орталығының бас менеджері

04.2014-08.2014 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің Арнайы экономикалық аймақтар басқармасының ба сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы уақытына) міндетін атқарушы

08.2014-10.2014 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің Арнайы экономикалық аймақтар басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы уақытына)

10.2014-02.2015 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің Арнайы экономикалық аймақтар басқармасының бас сарапшысы

02.2015-09.2016 ж.ж. - Технологиялық және инновациялық  даму департаменті ғылыми технологиялық даму саясаты басқармасының басшысы, Астана қ.

09.2016-12.2016 ж.ж. - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Технологиялық және инновациялық  даму департаменті  инновациялық -технологиялық саясаты басқармасының басшысы, Астана қ

12.2016-06.2018 ж.ж. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ғылыми-технологиялық даму департаменті директордың орынбасары, Астана

2018 жылдың 4 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі электрондық өнеркәсіпті дамыту  департаментінің директоры болып тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

 

 

 

Дата: 
Сәрсенбі, 26 Қыркүйек, 2018
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы