ЖҰМАБЕК АЙДОС ЖӘНІБЕКҰЛЫ

Жұмабек Айдос Жәнібекұлы

Адами ресурстарды басқару департаменті

Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2012 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің бас маманы болып бастаған. Кейін ҚР Индустрия және сауда министрлiгiнің Инновациялық саясат департаментінде, Техникалық реттеу және метрология комитетінде қызмет етті.

2007-2009 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінде, Ұйымдастыру кадрлық және құжат айналымы департаментінде қызмет еткен.

2009 жылы Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Есік қаласы әкімінің  орынбасарлығына тағайындалады. Бір жылдан соң ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметіне ауысады.

2011-2016 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының президенті, кейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Кадр жұмысы және құжат айналымы басқармасының басшысы болады.

2016 жылы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры қызметіне кіріседі.

2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы