You are here

Басшылық

  Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

  Құжат айналым және бақылау департаментінің директоры

  ҚАРИПОЛЛА ОРЫНБЕКҰЛЫ МҰҚАТОВ  1960 жылы 18 шілдеде дүниеге келген.

  1982 жылы Қарағанды политехникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша оқуды аяқтады. 

  2000 жылы Қарағанды экономикалық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша оқуды аяқтады.

  2006 жылы Қазақстан - Ресей университетін заң бакалавры мамандығы бойынша сырттай оқуды аяқтады.

  1982 – 1983 ж.ж. -  Қоянды совхозында механик маманы;

1983 – 1985 ж.ж. – Егіндібұлақ аудандық ауылшаруашлық басқармасында аға инженер маманы;

1985 – 1987 ж.ж. - № 2582 Қарағанды автоколонносында мастер,автоотряд бастығы;  

1987 – 1993 ж.ж. - № 5 Қарағанды автобус паркінде мастер,инженер, автоколонна бастығы, бас инженер;

1993 – 1997 ж.ж. - №5 Қарағанды қаласының Киров ауданы әкімінің бірінші орынбасары; 

1997 – 1998 ж.ж. -  «Ай» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Президенті;

1998 - 1998 годы – Президент ТОО фирмы «Ай»;

1998 – 1999 ж.ж. – Қарағанды қаласының Октябрь ауданың әкімі;

1999 – 2003 ж.ж. – Қарағанды облысы Сарань қаласы әкімі;

2003 – 2005 ж.ж. - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімі;

2006 – 2007 ж.ж. - Қарағанды облыстық  Жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары басқармасының бастығы;

2007 – 2009 ж.ж. – –Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары өкілеттілігінің басшысы;

2009-2010 ж.ж. - «Сарыарқа» ӘКК ҰК» акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша өкілеттілігінің басшысы;

2010 – 2012 ж.ж. – Қарағанды облысы әкімінің аппарат жетекшісі.

2017 жылдың  23 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Құжат айналым және бақылау департаментінің директоры болып тағайындалды.  

Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құжат айналымы және бақылау департаменті директорының орынбасары

Өтегенов Серік Нұрахметұлы  1975 жылғы 10 тамызда туған.

2000 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін  экономист және менеджер  мамандығы және 2012 жылы Қазақ-Ресей университетін  информатика  мамандығы бойынша аяқтады. 

2000 жылдан бастап ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік және жеке құрылымдарда жұмыс істеген.   

2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінде Құжат айналымы, ақпараттандыру және орындауды бақылау басқармасының басшысы лауазымында жұмыс жасаған.

2016 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құжат айналымы және бақылау департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2008 жылы - «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Құжат айналымы және бақылау департаменті директорының орынбасары

Мүжібаев Абылайхан Сағындықұлы 1979 жылғы 14 қараша туған.

ҚР ҚӨАМ Құжат айналымы және бақылау департаменті директорының орынбасары.

2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын, 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, 2010 жылы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Стирлинг университетін  аяқтаған.

2002 жылғы қарашадан бастап 2006 жылғы қыркүйек аралығында Ақмола облысының мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істеді.

2006 жылғы қыркүйектен бастап 2008 жылғы сәуір аралығында Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі.

2008 жылғы сәуірден бастап 2008 жылғы қыркүйек аралығында ҚР Бәсекелестікті қорғау бойынша агенттік төрағасының көмекшісі.

2008 жылғы қарашадан бастап 2017 жылғы қаңтар аралығында «Теңізшевроил» ЖШС-нің Үкіметпен байланыс бойынша басқармасының бастығы.

2017 жылғы қаңтардан бастап 2018 жылғы қаңтар аралығында ҚР ҚАӨМ Әкімшілік департаменті Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ақпараттандыру басқармасының басшысы.

2018 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҚАӨМ  Құжат айналымы және бақылау департаменті директорының орынбасары. 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы