You are here

Басшылық

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры

  ТӨЛЕГЕН БОРАНБАЙҰЛЫ ИГЕМБАЕВ

   1975 жылы 28 сәуірде дүниеге келген.  1996 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңтану мамандығы бойынша оқуды          аяқтады.

1997 - 1998 ж.ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасы филиалының техникалық қадағалау бөлімінің инженері, тұрғын үй секторының референті болып қызметін бастады.

1998 - 1999 ж.ж. – ҚР Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасының тұрғын үй секторының консультанты;

1999 - 2000 ж.ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының құрылымдық бөлемшелерді үйлестіру бөлімінің референті, Шаруашылық басқармасының консультанты;

2000 - 2002 ж.ж. – ҚР Парламенті Сенаты аппаратының экономика Каржы және бюджет жөніндегі комитетінің хатшылық консультанты;

2002 - 2003 ж.ж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, консультанты;

2003 - 2004 ж.ж. – ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Астана қаласы бойынша салық қомитеті төрағасының орынбасары;

2004 - 2008 ж.ж. – ҚР Сенаты Парламентінің Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Экономикалық және аймақтық саясат комитетімен қарым-қатынас бойынша бөлімінің меңгерушісі;

2008 - 2009 ж.ж. –  «ҰӘҚ «Самрұк-Казына» АҚ корпоративтік басқармасының бас менеджері;

2009 - 2011 ж.ж. – «Біріктірілген химиялық компания» ЖШС активтерді басқару департаментінің бас менеджері;

2011 - 2012 ж.ж. – «ҰӘҚ «Самрұк-Казына» АҚ инновациялық саясат департаментінің бас менеджері;

2012 - 2014 ж.ж. – Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму бөлімінің меңгерушісі, өнеркәсіп, индустриалды-инновациялық даму және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі;

2014 - 2016 ж.ж. – «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2016 жылдың 21  желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.

Қазақ, орыс , ағылшын тілдерін меңгерген.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы