You are here

Басшылық

   Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ғылыми-технологиялық даму департаментінің директоры

   ӘСЕТ ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ БАЙСЫНОВ

  1981 жылы 5шілдедедүниеге келген. 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңтанумамандығы бойынша оқуды аяқтады. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын  жергілікті мемлекеттік басқару мамандығы бойынша  магистр оқуын, 2015 жылы Дьюк Университетін («Болашақ», АҚШ) халықаралық даму саясаты мамандығы бойынша магистр оқуын  аяқтады.

  2002–2003 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы болып қызметін бастады.

  2003 – 2004 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының жетекші маманы;

  2005 – 2006 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің инспекторы;

  2006 – 2007 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құқықтық талдау және заңнаманы реформалау бөлімінің бастығы;

  2007 – 2009 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Мемлекеттік қызмет және кадр жұмыстары бөлімінің бас сарапшысы;

  2009 – 2011 ж.ж. - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары;

  2011 – 2012 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Форсайт және болжамдау басқармасының бастығы;

  2012 – 2015 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Іріктеу, көтермелеу және мониторинг секторының меңгерушісі;

  2015 – 2016 ж.ж. - Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарыболып қызмет атқарған.

  2017 жылдың 2 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ғылыми-технологиялық дамудепартаментінің директоры болып тағайындалды.

 

 

 

  Ғылыми-технологиялық даму Департаменті директорының орынбасары.

  Мұхамеджанов Жәнібек Өмірбекұлы 1982 жылдың 1 қазанында туылған.

  Рудный индустриалды институтын «Жүйелік инженер» мамандығы бойынша (Рудный, 2004) және «Халықаралық технологиялар менеджменті» мамандығы бойынша Уорвик университетінде магистартураны тәмамдады. (Ұлыбритания, 2011). 

  Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігі Технологиялық және инновациялық даму Департаментінің Басқарма басшысы болып қызмет атқарды.

 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ғылыми-технологиялық даму Департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.

  Үйленген,бір бала тәрбиелеуде.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы