You are here

Басшылық

Голобурда Дмитрий Васильевич

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Әділет министрлігінің  Заң шығару ғылыми-зерттеу институтында бастап, кейін үкіметтік байланысты қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істеген.

2009–2016 жылдар аралығында «Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  Арнайы ақпараттық қызметі директорының бірінші орынбасары, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің  Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016 - 2019 жылдары  ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

2019 жылғы сәуірде  ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Әбдіқалықов Руслан КенжебекұлыАбдикаликов Руслан Кенжебекұлы

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары

1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін математика және физика пәнінің мұғалімі мамандығы, 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін ақпараттық жүйелер бакалавры бойынша тәмамдаған.

1997-2005 жылдар аралығында – ҚР Ұлттық Қауіпсіздік органдарында қызмет еткен.

2005-2011 жылдары ҚР Орталық Сайлау комиссиясының «Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында  Бағдарламалық қамтамасыз ету басқармасының  басшысы қызметінен бастап, кейін кәсіпорын директорының міндетін атқарған.

2011- 2012 жылдары – ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК Ақпараттық коммуникациялар саласындағы зертханалық сынау департаментінің  директоры.

2012 - 2014 жылдары – ҚР Көлік  және Коммуникация  министрлігі «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМҚ Ақпараттық  коммуникациялар  жүйесі басқармасының басшысы.

2014 - 2016 жылдар аралығында  ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігі Байланыс және ақпараттандыру саласындағы бақылау жөніндегі департаменттің директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс және ақпараттандыру саласындағы бақылау басқармасының басшысы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары  саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016-2019 жылдар аралығында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

2019 жылғы сәуірден  ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы