You are here

Басшылық

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ішкі аудит департаменті директоры

МЕЙІРХАН БҰРХАНБЕКҰЛЫ ТӨЛЕШОВ

  1984 жылы 19 қазанда дүниеге келген. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономика мамандығы бойынша оқуды аяқтады. 2013 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін құқықтану мамандығын тәмамдады

  2002-2010ж.ж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық саясаты және болжамдар департаметінің  жетекші маман, сарапшы;

  2010-2011ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінде сарапшы;

  2011-2014 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы, консультанты;

2014-2015 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;

2015-2016ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Халықаралық қаржылық қатынастар департаменті директорының орынбасары, Қаржылық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры болып тағайындалды.

Қазақ,  орыс тілдерін меңгерген.

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының оынбасары

АЙГҮЛ БАЛКЕНҚЫЗЫ ӘЛЖАНОВА

1979 жылы 9 маусымда дүниеге келген.

2000 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономика-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

2003 жылы Еуразия гуманитарлық институтын құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001 жылдың ақпанынан бастап 2009 жылдың маусымына дейін
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы қызметінде
жұмыс істеді.

2009 жылдың маусымынан бастап 2017 жылдың маусымына дейін
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі бақылау басқармасының бас сарапшысы,  Ішкі аудит департаменті Қызметтің жұмыс істеуін талдау және бағалау басқармасының басшысы, Стратегиялық жоспарлау департаменті Үйлестіру және талдау жұмысы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары.

Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы