You are here

Басшылық

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы  

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Свердлов Суворов әскери училищесінің түлегі, Қазақ ұлттық техникалық университетін «Радиобайланыс, радиотарату және теледидар» мамандығы бойынша аяқтаған соң,  екінші жоғары білімін Қазақ гуманитарлық – заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша алған. Сондай-ақ, Лозаннаның федеративтік политехникалық мектебін «Электрондық басқару саласының магистрі»   ғылыми  дәрежесімен тәмамдайды.  

Қазақ,  орыс,  ағылшын тілдерін  еркін  меңгерген.

Өзінің еңбек жолын 1996 жылы «Жарық» ЖШС-де  бастады.  Мемлекеттік қызметтегі мансабы 1998 жылдың 1- қаңтарында Қазақстан Республикасының  Көлік  және  коммуникация  министрлігінен  басталады.  Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасы басшысының орынбасарлығынан   Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы лауазымы аралығындағы  жолды  жүріп  өтеді.  2003 жылы Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған  сәттен бастап төрағаның орынбасары, кейін 2006 жылғы 27 қаңтардан бастап Агенттік төрағасы лауазымдарында еңбек етті.

2006 жылғы 9 қазанда «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен  «Қазақтелеком» АҚ-ның  Басқарма төрағасы болып сайланады. Мемлекет басшысының 2010 жылғы 12 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі лауазымына тағайындалады. Екі жылдан соң,  ҚР Президентінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Көлік және коммуникациялар министрі қызметіне кіріседі.

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің таратылуына байланысты, ҚР Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы Жарлығымен жаңадан құрылған ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалады. 5 ай өткен соң, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі лауазымына кіріседі.

2015 жылғы 6 мамырдан  2017 жылғы 29 тамыз аралығында  «ҚазАтомӨнеркәсібі» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін  атқарды. 2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы  Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.  2018 жылғы 26 желтоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы  Премьер-министрінің орынбасары лауазымымен қоса ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  қызметін қатар атқарды.

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап  жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқаруда.

Жанжүменов  Талғат Жеңісұлы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі

Ленин комсомолы атындағы Вольск Жоғары әскери тыл училищесін, РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери тыл және көлік академиясын, РФ Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған. Жоғары арнайы әскери, оперативті-стратегиялық білімі бар офицер.

Еңбек жолын  1989 жылы танк полкінің азық-түлік қызметінің басшысы болып бастады. Түрлі жылдары ҚР Әскери әуе күштерінде, ҚР Қарулы күштерінде, ҚР Қорғаныс министрлігінде, ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет атқарды.

2001–2010 жылдар аралығында ҚР Республикалық гвардия қолбасшысының орынбасары,   ҚР Қарулы күштерінің тыл бастығы қызметтерін атқарды.

2010–2016 жылдары  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісінің орынбасары, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.

2016 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін ҚР қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы сәуірде ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі лауазымына тағайындалды.

II дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Ахметжанов Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Әнуар Мұратұлы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетiн 1996 жылы тәмамдаған соң, білімін «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетiнде жалғастырып, 2000 жылы аяқтайды. 

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолын  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетiнде  оқытушылықтан бастайды. 

2000 - 2012 жылдар аралығында  «Қазақойл» ҰМК» АҚ,  «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ», «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ, «Самрұк қазына» Холдингі» АҚ-да менеджерліктен бастап, бас сарапшы, бас  менеджер, директордың орынбасары, атқарушы директоры, директордың бірінші орынбасары, директоры  болып қызмет атқарған. 

2012-2016 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарады. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президент Әкiмшiлiгiнің мемлекеттік инспекторы болып қызмет етеді.

2016 жылғы 14 қазанда  Қазақстан Республикасы Президентiнiң Өкiмiмен Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалады.

2019 жылғы сәуірден бастап  Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы.

Марат Рахмалыұлы Нұрғожин Нұрғожин Марат Рахмалыұлы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін, кейін осы жоғары оқу орнының аспирантурасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1980 жылы Қарағанды политехникалық институтының зерттеушісінен бастап,  аға ғылыми қызметкері, аға оқытушысы,  ақпараттық технологиялар факультетінің деканы  және Бірінші проректоры лауазымына дейінгі мансаптық жолды  жүріп өтеді.

2004 -2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры, аппарат басшысы қызметтерін атқарып,  2006  жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалады.

2007 жылы «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарады. 2008 -2016 жылдар аралығында  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-ның  бірінші вице-президенті,  кейін Президенті лауазымында еңбек етті.

2016 жылдан 2019 жылға дейін   ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, 2019 жылғы сәуірден  ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  вице-министрі.

 «Құрмет» орденімен марапатталған.

Оспанов Абылайхан Есенұлы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «информатика» мамандығы бойынша тәмамдаған соң, екінші білімін   Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша алған.

Еңбек жолын  2005 жылы «Жасыл ел» республикалық жастар еңбек жасақтарының штабы» ЖМ Астана қаласы бойынша штаб менеджері ретінде бастаған.

Мемлекеттік қызметке келмес бұрын  2006-2011 жылдар аралығында  «IT Research Center», «Arta Software», «Digital life style», «Корпоративтік шешімдер»  ЖШС,  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да түрлі лауазымдарда еңбек етті.

2011-2015 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаментінің аға инженерінен бастап,  ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде Департамент директорының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде Комитет төрағасының орынбасары, ҚР  Байланыс және ақпараттандыру агенттігінде Департамент директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде  Басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

2015- 2017 жылдар аралығында   «Нұр Отан»  партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы меңгерушісі,  «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2017 жылдан 2019 жылға дейін   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес  АҚ-ның  Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

2019 жылғы сәуірден - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  вице - министрі.

Тұяқов Дарын Шылбынұлы

ҚР Цифрлық даму,  қорғаныс  және  аэроғарыш өнеркәсібі  вице-министрі

Ю.В. Андропов атындағы Ленинград  жоғары әскери-саясат ӘҚҚ училищесінің түлегі Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін,  білімін  Халықаралық бизнес академиясында, РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА-да жалғастырған. Басқару магистрі, іскерлік әкімшілендіру докторы ғылыми дәрежесі бар.  

1990 - 1992 жылдары ӘҚҚ Радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық рота командирінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекші консультанты болып қызмет еткен.

2002 - 2018 жылдар аралығында  «Қазақтелеком» АҚ-да  Заң бөлімінің бастығынан бастап, Бас директорының орынбасары, Бас директоры,  Аппарат  басшысы, Басқарма мүшесі лауазымдарын атқарған.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі лауазымына тағайындалып, 2019 жылға дейін атқарды.

2019 жылғы сәуірден - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

«Нұр Отан» ХДП «Белсенді қызметі үшін» медалімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен  марапатталған. Саланы дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік байланысшы» және  «Тіл жанашыры»  деген  құрметті атақтары бар.

 

Оразбек Асхат Елубайұлы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  вице-министрі

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін математик, инженер-бағдарламашы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы  Қолданбалы математика институтында «Компьютерлік математикалық физика» зертханасының инженері ретінде бастайды.  1999 - 2003 жылдар аралығында   Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігі филиалының талдау және ақпарат бөлімінің бас маманы,  «Кушпен - Телеком» ЖШС Lotus - технологиялары бөлімінің басшысы, инженер-бағдарламашы болып еңбек еткен. 

2003 - 2006 жылдары  ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің Ақпараттандыру және ақпараттарды қорғау секторының  меңгерушісі қызметін атқарған.

2006 - 2019 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның  Басқарма төрағасының орынбасары, кейін Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарып,    2015-2017 жылдар аралығында  «ҚазТрансОйл» АҚ-ның  Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, «Транстелеком» АҚ ақпараттық технологиялар жөніндегі атқарушы директоры,  «ҚР Блокчейн  мен криптотехнологияларды дамыту қауымдастығы» КЕҰ  вице - президенті қызметтерінде болды.

2019 жылғы сәуірден -  ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице - министрі.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы