Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Жауапты хатшысының
2019 жылғы «__» _________

№ ___ бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

Инновациялық экожүйе департаменті туралы

Ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Инновациялық экожүйе департаменті
(бұдан әрі – Департамент) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) инновациялық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

4. Департамент:

1) Инновациялық саясат басқармасынан;

2) Инновациялық жүйені дамыту басқармасынан;

3) Инновациялық қызметті ынталандыру басқармасынан құралады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

5. Міндеттері: инновациялық қызмет шеңберінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

Функциялары:

1) инновациялық қызметтің мемлекеттік саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындайды және келіседі;

2) инновациялық даму саласына қатысты халықаралық рейтинг индикаторларын жақсарту жұмыстарын ұйымдастырады;

3) инновациялық қызмет саласында мемлекеттік жоспарлау үрдісін үйлестіреді және жүзеге асырады;

4) инновациялық даму саласындағы консультативті-кеңестік органдардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

5) Ұлттық инновациялық жүйенің тиімділігіне талдау жүргізіп, мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау көрсету шараларын іске асырады;

6) инновациялық гранттар бөлудің басым бағыттарын анықтайды;

7) Индустриалды-инновациялық қызмет саласында мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысатын және тиісті салада басшылық ететін (мемлекеттік басқару саласында) мемлекеттік ұйымдармен келісу арқылы венчурлық қорларды қайта қаржыландыратын индустриалды-инновациялық жүйе субьектілерінің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

8) инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады.

6.Міндеті: инновациялық экожүйені қалыптастыруды және дамытуды іске асыру.

Функциялары:

1) инновациялық экожүйені, сонымен қатар «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мен «Астана Хаб» Халықаралық технологиялық паркінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындайды және келіседі;

2) инновациялық экожүйені және оның субъектілерін дамыту саласында бюджеттік бағдарламаларды қалыптастырады және жүзеге асырады;

3) инновациялық экожүйені дамыту бойынша, оның ішінде халықаралық тәжірибе негізінде ұсыныстарды әзірлейді,оның элементтерін бақылауды және оның тиімділігін бағалауды жүргізеді;

4) инновациялық экожүйе негізінде салааралық әрекеттестікті қамтамасыз етеді;

5) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мен «Астана Хаб» Халықаралық технологиялық паркінің жұмыстарын үйлестіруді және оның индикаторларына қол жеткізуге мониторинг жасайды;

6) инновациялық экожүйені дамыту мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады.

7. Міндеті: Инновациялық қызметті ынталандыру үшін жағдай жасау.

Функциялары:

1) технологиялық даму саласындағы институттардың инновациялық қызметі ынталандыру аясындағы құқықтық актілері мен басқа да құжаттарын дайындайды және келіседі;

2) инновациялық қызметі ынталандыру саласында бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша жұмыс атқарады;

3) инновациялық қызметті ынталандыру мен мемлекеттік қолдау көрсету  шаралары бойынша ұсыныстар әзірлейді, оның ішінде халықаралық тәжірибе мен тиімділікті талдау негізінде;

 4) инновацияны ақпараттық-насихаттаумен қолдау және білімді тарату арқылы инновациялық қызметті дәріптеуді қамтамасыз етеді;

5) инновациялық гранттар беру ережелерін әзірлейді және бекітеді;

6) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін әзірлейді және айқындайды;

7) инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар береді;

8) технологиялық даму саласындағы даму институттарының жұмыстарын үйлестіреді және негізгі индикаторларына қол жеткізуге мониторинг  жасайды;

9) инновациялық қызметті ынталандыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады.

8. Құқықтары мен міндеттері:

8.1. Департамент:

1) басшылықтың тапсырмасы бойынша өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, халықаралық ұйымдарында және шет мемлекеттерде Министрліктің атынан сөйлеуге;

2) Министрліктің басшылығының тапсырмасы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының өкілдерімен кездесулер және келіссөздер өткізуге;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және ғылыми-техникалық, инновациялық және технологиялық сала ұйымдарынан өз функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар, қорытындылар және ақпараттар сұратуға және алуға; ғылыми-техникалық, инновациялық және технологиялық даму сұрақтары бойынша өзара үкіметаралық комиссиялар мен халықаралық іс-шараларға  бекітілген тәртіппен қатысу; бірлескен үкіметаралық комиссиялар отырыстары мен халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Министрліктің басшылығына тиісті ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыруға; Министрліктің басшыларынан және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінен отандық және шетелдік делегацияларымен кездесулер мен келіссөздер бойынша ұсынымдар және қорытындылары мен есептер және хаттамалар сұратуға және алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

8.2. Департамент келесі міндеттерді орындайды:

1) Департаменттің  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басшылығына Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына, жоғары  және басқа мемлекеттік органдар өткізетін кеңестерге материалдар дайындауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

3.Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

11. Департамент Директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.

12. Департамент Директоры болмаған кезеңде өз өкілеттіліктері шегінде Департаментке директордың орынбасарлары жалпы жетекшілік етуді жүзеге асырады;

13. Департамент Директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады.

14. Директор осы мақсатта:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін Басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3)  Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының жауапты Хатшының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары бар.

16. Департамент Директорының орынбасарлары:

1) өз құзыреті шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді және Департамент пен Министрлік басшыслары тапсырмаларының орындалуын бақылайды;

2) Департамент Директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оның орнын алмастыратын адам қол қояды.

18. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілетін лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

Күні: 
Дүйсенбі, 2 Қыркүйек, 2019
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы