Қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен бекітілген 2018 жылғы «__» ___ № ___

 

 

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

         1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  

3. Департамент құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен Жауапты хатшының бұйрығымен бекітіледі.

4. Департамент құрылымы:

1) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар басқармасы;

2) Электрондық өнеркәсіп басқармасы.

 

 

  1. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

 

5. Міндет: электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қамтамасыз ету.

Функциялары:

  1. электрондық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді және үйлестіруді жүзеге асыру;
  2. құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік функцияларды жүзеге асыру;
  3. өз құзыреті шегінде электрондық өнеркәсіп мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу, келісу, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесін жалпылау;
  4. электрондық өнеркәсіпті дамыту бойынша іс шараларға жалпы жетекшілік етуді жүзеге асыру;
  5. электрондық өнеркәсіпті дамыту саласындаға нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  6. электрондық өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
  7. электрондық өнеркәсіптің жай-күйіне талдау жүргізу және мониторингілеу;
  8. электрондық өнеркәсіп саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
  9. электрондық өнеркәсіпті дамыту саласындағы ақпаратты талдау, жалпылау және жүйелеу мақсатында халықаралық нормативтік актілерді, стандарттарды, сондай-ақ ғылыми жұмыстарды зерделеу;
  10. электрондық өнеркәсіп мәселелері бойынша уәкілетті органдармен және шетелдік ұйымдармен екіжақты ынтымақтастықты (Халықаралық және әскери-техникалық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп) жүзеге асыру;
  11. Министрлікте таратылуы шектелген мемлекеттік құпиялар мен қызметтік ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;

6. Міндет: мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың отандық электрондық өнімдер мен бағдарламалық өнімдерді сатып алуына және пайдалануына жағдай жасау, сондай-ақ қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында отандық кәсіпорындар мен ұйымдар арасында өндірістік байланыстар орнату.

Функциялары:

  1. электрониканы өндіру және әзірлеу саласындағы қызметті ынталандыру бойынша НҚА – ға ұсыныстар енгізу;
  2. ішкі және сыртқы нарықта отандық электрондық өнеркәсіптің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  3. мемлекеттік органдардың отандық электрониканы пайдалану бойынша мәселелерін реттеу;
  4. электрондық өнеркәсіп өнімдерін өндіруді игеру саласында перспективалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша ұсыныстар дайындау;
  5. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомстволарымен және шетелдік ұйымдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен электрондық өнеркәсіп мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  6. Сенімді электрондық өнеркәсіп өнімдері мен бағдарламалық жасақтама тізілімін қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп өнімдері мен бағдарламалық жасақтаманы сенімді электрондық өнеркәсіп өнімдері мен бағдарламалық жасақтама тізіліміне енгізу өлшемшарттарын келісу;
  7. Сенімді электрондық өнеркәсіп өнімдері мен бағдарламалық жасақтама тізбесін қалыптастыруды және жүргізуді үйлестіру;
  8. Департамент құзыретіне кіретін өзге де функциялар.

7. Құқықтары мен міндеттемелері:

Құқықтары:

1) Министрлік басшылығының қарауына Департамент  міндеттемелеріне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

2) басшылық тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, халықаралық ұйымдар мен шетелдерде өз құзыреті шегінде Министрлік атынан өкілдік ету;

3) Министрлік басшылығының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының электрондық өнеркәсіп өндірушілері, шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер жүргізу;

4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарынан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті материалдар сұрату және алу;

5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшылары мен қызметкерлерінен отандық және шетелдік делегациялармен кездесулер мен келіссөздер нәтижелері бойынша, сондай-ақ қызметтік іс-сапарлар қорытындылары бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұратын есептер мен хаттамалар сұрату және алу;

6) Министрлік құзыреті шегінде Департаментке жүктелген міндеттемелер мен функцияларды орындауға қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Міндеттемелері:

  1. Департаментке жүктелген міндеттемелер мен функцияларды уақытылы және сапалы орындау;
  2. Министрлік регламентінің және Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларының Министрліктегі құжаттаманы басқару нормаларын бұзушылықты болдырмау;
  3. Өз құзыреті шегінде ресми сұрату жасалған болса, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарға заңнама аясында қажетті материалдар мен анықтамалар ұсыну;
  4. мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
  5. Департамент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарастыру;

7) Департамент құзыреті шегінде жетекшілік ететін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және әзірлеу;

8) Департаментке жүктелген міндеттемелер мен функцияларды орындауға қажетті өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

 

8. Департамент Қазақстан Республикасының Президенті актілеріне, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.

10. Департамент директорының Министрліктің бекітілген құрылымына сәйкес орынбасары бар.

11. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

12. Департамент директоры мемлекеттік органның басшысына департамент құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13. Департамент директоры осы мақсаттарда:

1) өзінің орынбасарының (орынбасарларының) міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департамент құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде Департамент қызметін  үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департаментте жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда директордың орынбасары қол қояды.

______________________

 

 

 

Күні: 
Сәрсенбі, 26 Қыркүйек, 2018
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы