You are here

Ереже

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

               Ғылыми-технологиялық даму Департаменті туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ғылыми-технологиялық даму (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департаменттің құрылымы мынадай:

1) Ғылыми-техникалық саясат басқармасы;

2) Форсайттық зерттеулер басқармасы.

2. Департаменттің  негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Міндеті: Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты іске асыру қалыптастыру және бағдармалық қамтамасыз ету.

 Департамент функциялары:

1) ғылым және ғылыми-техникалық іс-шаралар, бақыланатын салалардағы ғылыми-зерттеу үйлестіру саласындағы ұсыныстар мен мемлекеттік саясатты іске асыру дамытуға қатысуға, реттелетін салалардағы ғылыми зерттеулер бойынша үйлестіру жұмысын жүргізу;

2)   ғылым саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық ғылыми кеңес құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрамына енгізу үшін;

3)   ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысу;

4)   реттелетін салалардағы іс-шараларды орындау бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жалпы басшылықты жүзеге асыру;

5)   реттелетін салалардағы ғылыми-технологиялық даму қызметін жүзеге асыру үшін басым бағыттарды әзірлеу бойынша Министрліктің ғылыми-техникалық кеңесінің (бұдан әрі –  ҒТК) қызметін жүргізу;

6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ҒТК қызметтерін үйлестіру;

7) реттелетін саладағы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстардың жыл сайынғы тақырыптық жоспарын құру;

8)   өзге де функциялар.

6. Міндеті: Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік  дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстарды форсайттық зерттеулер негізінде әзірлеу;

Функциялары:

1)   реттелетін салалардағы ғылыми-техникалық отандық кәсіпорындардың әлеуетін зерттеу және талдау, олардың дамуын болжау;

2)   әлемдік ғылыми-технологиялық даму салаларындағы қорғаныс, аэроғарыштық, электрондық өнеркәсіп және ақпараттық қауіпсіздікті зерттеу және талдау;

3)   реттелетін салалардағы ғылым жетістіктері мен технологияны пайдалану және ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық прогресс, ұлттық қауіпсіздік және ҚР қорғанысын насихаттау мүддесі үшін ұсыныстар әзірлейді;

4)   реттелетін салалардағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу;

5)   әдістемелік қамтамасыз ету рәсімдері технологиялық болжауды жүргізу;

6)   өзге де функциялар.

7. Міндеті: реттелетін салалардағы ғылыми-техникалық әлеуетті қолдау және дамыту;

               Функциялары:

  1. реттелетін салалардағы ғылыми кадрларды даярлауда, ғылыми,ғылыми-техникалық, инновациялық инфрақұрылым және кәсіпкерлікті дамытуда жәрдем көрсетеді;
  2. реттелетін салалардың мәселелері бойынша шет елдермен халықаралық ұйымдармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдем көрсетеді;
  3. өзге де фунциялар.

8. Міндеті: ғылыми-техникалық қызмет сұранысының нәтижелерін кеңейтуге жәрдемдесу.

               Функциялары:

1)   Министрліктің ғылыми-техникалық ынтымақтастығын, басқа да мемлекеттік органдармен, білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен сұранысты ынталандыру бойынша ғылыми-техникалық қызметтің нәтиже шараларын ұйымдастырады;

2)   өзге де фунциялар.

9. Міндеті: ғылыми-техникалық қызметтің салааралық үйлестірілуін жүзеге асыру.

               Функциялары:

1)   мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу және ұйымдастыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;

2)   ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет және субъектілерді аккредитациялау қағидаларын  әзірлеуге қатысу;

3)   базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру бойынша ғылым саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

4)   өзге де функциялар.

10. Міндеті: Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын өз құзыреті шегінде бақылауды қамтамасыз ету.

               Функциялары:

1)   ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына өз құзыреті шегінде ұсыныстарын енгізеді;

2)   өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерін, ғылыми-техникалық әзірлемелерді дайындауды және келісуді жүзеге асырады;

3)   өзге де функциялар.

11. Міндеті: Департамент бойынша кадрларды дайындаудағы координациялау пен мониторингтеу.

Функциялары:

1) Департамент қызметкерлерін дайындау мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілер және құқықтық актілерді жүзеге асыруын қамтамасыз ету;

2) Департамент қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;

3) өзге де функциялар.

12. Міндеті: Департамент мәселелері бойынша Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарын координациялау.

Функциялары:

  1. Департамент мәселелері бойынша Министрліктің

ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара әрекеттесу жұмысын ұйымдастыру;

  1. Департамент мәселелері бойынша ведомстволық            бағынысты ұйымдардың қызметін тұрақты түрде мониторингтеу;
  2. өзге де функциялар.

  13. Құқықтары мен міндеттемелері:

               Құқықтары:

1)   Халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, басшылықтың тапсырмасы бойынша Министрлікті өз құзыреті шегінде ұсыну;

2)   Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізу;

3)   Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдардан ғылыми-техникалық, инновациялық және технологиялық қызметі, қорытындысы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

4)   белгіленген тәртіппен бірлескен үкіметаралық комиссиялардың  отырыстарына және ғылыми-техникалық, инновациялық және технологиялық даму мәселелері жөніндегі халықаралық іс-шараларға қатысу;

5)   Министрлік басшылығының ұсыныстары бойынша бірлескен үкіметаралық комиссиялардың  отырыстары және халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындауды жүзеге асыру;

6)   Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен басшыларынан отандық және шетел делегацияларымен кездесулер мен келіссөздер, сондай-ақ қызметтік іссапарлар қорытындысы бойынша есептерін, хаттамаларын, қорытындылар мен ұсынымдар нәтижелерін сұрату және алу;

7)   Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін Министрліктің құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

               Міндеттемелері:

1)   Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды уақытылы және сапалы орындауға;

2)   Министрлік Регламентінің нормалары мен құжаттама жасаудың ережесін және Министрлікте құжаттаманы басқарудың бұзулуына жол бермеуге;

3)   Қазақстан Республикасының заңнамасындағы  белгіленген Департаменттің құзыретіне  кіретін  өтініштерді, жеке және заңды тұлғалардың мәселелері бойынша арыздар мен шағымдарды  қарауға;

4)   Министрліктің құзыретіне кіретін басқалай міндетті Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін жүргізу.

                            3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

14. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттікті иеленеді.

15. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке сай, лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

16. Министрліктің бекітілген құрылымына сәйкес директордың бір орынбасары болады.

17. Директор Департаменттің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.

18. Департамент директоры Миинистрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

19. Осы мақсаттарда Департаменттің директоры:

  1. Департаменттің құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
  2. Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілікте болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

21. Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департаменттің директоры немесе оның орынбасары қол қояды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы