You are here

Ереже

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

Адами ресурстарды басқару департаменті  туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адами ресурстарды басқару департаменті  (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

         3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарымен  бекітіледі.

4. Департаменттің құрылымы мынадай:

1) Кадр жұмыстары басқармасы;

2) Кадр әлеуетін дамыту басқармасы.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттемелері

 

5. Міндеті: Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

Функциялары:

1) Министрліктің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) Министрліктің кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) Министрліктің кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) Министрліктің кадр мониторингі және кадрлық іс қағаздарын жүргізу;

5) Министрліктің бағынысындағы мекемелердің кадріне мониторинг пен сүймелдеу  жүргізу; 

6) өзге де функциялар.

6. Міндеті: Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрлікте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) Министрлік кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;

3) конкурстық, аттестаттау, тәртіптік, тұрғын үй комиссияларын, Министрлік қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу жөніндегі, материалдық көмек көрсету жөніндегі, мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсыну үшін кандидатуралар беру және қарау жөніндегі комиссиялардың, тәлімгерлік кеңесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;

6) Министрліктің қызметкерлеріне кадр мәселері бойынша    консультация беру; 

7)  кадр мәселері бойынша жұмыс топтарға, комиссияларға қатысу;

8) өзге де функциялар.

7. Міндеті: Министрлікте корпортативтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

Функциялары:

1) Министрлікте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету,  Министрліктің басшыларына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізу;

3) өзге де функциялар.

8. Міндеті: салалар бойынша кадрлар даярлауды ұйымдастыру.

Функциялары:

  1. кадрларын даярлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық   актілерінің іске асырылуына қатысу;
  2. уәкілетті органдар құрған кадрлар даярлау мәселелері бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
  3. өзге де функциялар.

9. Міндеті: Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалау және талдау.

Функциялары:

1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін бағалауды және талдауды өткізуге қатысты негізгі ережелерді, бағыттарды, критерийлерді, механизмдерді анықтайтын құқықтық актілерді әзірлеуді жүзеге асыру;

2) құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалаудың және талдаудың негізгі көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу;

3) құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау және талдау жүргізудің ақпараттық түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

4) құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалау және талдау жүргізу қорытындылары бойынша ақпарат жинауды жүзеге асыру және талдамалық анықтамалар, қорытындылар және ұсыныстар дайындау;

5) өзге де функциялар.

10. Міндеті: Министрліктің қызметшілерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. 

Функциялары:

  1. Министрлік қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;
  2. Министрлік қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау жөнінде жұмыстар жүргізу; 
  3.  өзге де функциялар.

11. Міндеті: Министрліктің басшыларының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;   

Функциялары:

  1. Министрліктің басшыларының азаматтарды жеке қабылдау кестесін бекіту;  
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Министрліктің басшыларымен жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау нәтижелерi туралы ақпаратты ұсыну;   

3) өзге де функциялар.

12. Міндеті: Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам институттары мен  қарым қатынас орнату;  

     Функциялары:

  1. Азаматтық қоғам институттар мен саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, БҰҚ және кәсіподақтармен ынтымақтастыққа бағытталған   қоғамдық кеңестер, консультативтік-кеңесші органдар, комиссиялар, жұмыс топтарына, қатысу;  
  2. Азаматтық қоғамды дамытудың өзекті мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізу;
  3.  өзге де функциялар.

          13. Құқықтары мен міндеттемелері:

         Құқықтары:

  1. Департаментке жүктелген қызметтер мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Министрліктің қарамағындағы мекемелер, ведомстволық және де құрылымдық бөлімшелерінен құжаттар, анықтамалар, есептер және басқа да ақпараттарды сұратады және алады;
  2. Мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органмен және басқа мемлекеттік органдармен кадр мәселелері бойынша өзара іс қимыл жасау; 
  3. Департаменттің құзырына кіретін сұрақтар бойынша өз құзіретінде жиналыстар және басқа іс шараларды өткізеді;
  4.  Министрліктің кадр бойынша жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізеді;

5)  Министрлік қызметшілерінің біліктілігін Қазақстан Республикасы және шет елдерде арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

        6) Департаментке жүктелген міндеттер мен функциялар жүзеге асыру мақсатында басқа да құқықтарды жүзеге асырады.  

         Міндеттемелері:

1)  Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды уақытылы және сапалы орындауға;

2)  Министрлік Регламентінің нормалары мен құжаттама жасаудың ережесін және Министрлікте құжаттаманы басқарудың бұзулуына жол бермеуге;

3)  Министрліктің құзыретіне кіретін басқалай міндетті Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін жүргізу.

 

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

 

14. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

15. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітіліген тәртіпте лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Директор басқарады.

16. Министірліктің бекітілген құрылымы бойынша директордың бір орынбасары болады.

17. Департамент Директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

18. Департамент Директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.

19.  Осы мақсатта Департамент директоры:

1)   Департамент құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2)   департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобаларын  қамтамасыз етеді;

3)   Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Департамент директорының орынбасары:

1)   өз өкілеттігі шегінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2)   Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылық етеді және жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілік алады;

3)   Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

21. Департаменттің құзыреті мәселелері бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге  жіберілетін құжаттарға Департаменттің директоры немесе оның орынбасары қол қояды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы