You are here

Ереже

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігінің Қаржы департаменті туралы

Ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы департаменті (бұдан әрі - Департамент)                            Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2.   Департамент, өз қызметінде, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы, штат саны, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Жауапты хатшысының бұйрығымен  бекітіледі.

4. Департаменттің құрылымы мынадай:

1)  Бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржыландыру басқармасы;

2)  Жоспарлау, талдау және активтер басқармасы.

2. Департаменттің негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Міндеті: Бюджеттік заңнамаға сәйкес, бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіреді.

Функциялары:

  1. жинақталған бюджеттік өтінімдерді бюджеттік заңнамаға және оларды жасау қағидаларына сәйкес, жоспарлы кезеңге, сондай-ақ нақтылауға қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді;
  2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін, олардың  әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлерге, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың нысанына, бюджеттік және өзге де Қазақстан Республикасы заңнамаларының қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің стандарттарына және натуралды нормаларға сәйкестігі мәніне қарастырады;
  3. бюджеттік инвестициялық жобалардың тізілімін қалыптастыруға, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеуге және бағалауға қатысады;
  4. жоспарлы кезеңге құрылымдық бөлімшелердің бюджеттік өтінімдерін қарастыру бойынша Министрліктің Бюджеттік комиссияның отырыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
  5. өз құзырлығы шеңберінде, Министрліктің Стратегиялық жоспарын әзірлеу және қалыптастыру жұмыстарына қатысады;
  6. бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органда Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
  7. бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне практикалық және әдіснамалық көмек көрсетеді;
  8. Министрлікпен әзірленетін Департамент құзырлығына қарасты мәселелер бойынша заңдар және басқа да нормативті-құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысады;
  9. Министрліктегі штаттық кестесінің жиынтық жобасын дайындайды.

6. Міндеті: Министрліктегі мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарының орындалуын үйлестіру және мониторингілеу.

          Функциялар:

  1. «Бюджеттік қаражатты басқару» бағыты бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде, бюджеттің орындалуы жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты дайындайды және ұсынады;
  2. Министрліктегі мемлекеттік мекемелердің жылдық жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтықтауын жасайды, өзгерістер енгізеді және бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
  3. бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы ай сайынғы мониторингті жүргізеді, бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға және Министрліктің басшылығына есептік ақпаратты ұсынады;
  4. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірлесіп, бюджеттік қаражатты толық және уақтылы игеруді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізеді;
  5. Министрлікпен әзірленетін бюджеттің орындалуы мәселелері бойынша заңдар және басқа да нормативті-құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысады.

7. Міндеті: Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыру.

Функциялар:

  1.  жалақыны, еңбек демалысының сыйақы төлемдерін, уақытша еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақыны, демалысқа сауығуға арналған жәрдемақыны, еңбек жалақысының уақтылы және сапалы аудару  және есептеу; әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық; жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы салымдарын және басқа да төлемдерін аударады және ұстайды;   
  2.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің органдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің келісім-шарттарын тіркейді;
  3.  Министрліктің орталық аппаратының бухгалтерлік есебін жүргізеді;
  4. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылатын есептік құжаттамалардың, орындалған жұмыстардың актілерінің дұрыстығын және толықтығын тексереді;
  5. Министрліктің шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілігін дайындайды және бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ұсыну жұмыстарын жүргізеді;
  6. белгіленген мерзімінде, тиісті есептерді және декларацияларды, статистика және салық органдарына ұсынады;
  7.  Министрліктің орталық аппаратының мүліктеріне түгендеуді жүргізеді және ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыстарын үйлестіреді;
  8. Министрліктегі мемлекеттік мекемелердің қаржылық талдау және бухгалтерлік есептеуді жүргізеді;
  9. Үкімет отырысында есеп беруге есептік деректерді дайындайды және Парламентте қорғауға қатысады;

10) Министрлікпен әзірленетін бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша заңдар және басқа да нормативті-құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысады.

8. Міндеті: Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге, жетекшілік ететін ведомствоға бағынысты ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік акциялар пакеттерін (үлестік қатысуы) иелену және пайдалану құқығы Министрлікке берілген, даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыру бойынша бақылау және талдауды жүзеге асырады.

Функциялар:

  1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге, жетекшілік ететін сала бөлігіндегі ведомствоға бағынысты ұйымдармен, Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдардың даму стратегиясы мен даму жоспарын іске асыру бойынша бақылау және талдауды жүзеге асырады;
  2. республикалық бюджетке таза табыс пен дивидендтерді төлеу бойынша Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдардың уақытылы аударымдарды орындаудың мониторингін жүзеге асырады;
  3. Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін мониторинглеуді жүзеге асырады;
  4. күн тәртібінде қаржылық мәселелер бойынша акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) отырысындағы қорытындыны дайындайды;
  5. Департамент құзырлығындағы мемлекеттік активтерді басқару мәселелері бойынша, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға есептілікті тапсыруды қамтамасыз етеді;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілетті органның тиісті саладағы жалғыз акционердің құзырылығына қарасты Министрліктің бұйрықтарын әзірлеу және Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдармен орындаудағы бақылауды жүзеге асырады;
  7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, шешім қабылдаудағы жалғыз акционер (қатысушы) құзырлығына жататын мәселелерді шешуге қатысады;
  8. Министрлікпен әзірленетін Департамент құзырлығына қарасты мәселелер бойынша заңдар және басқа да нормативті-құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысады.

9. Міндеті: қаржылық органдардың мамандарын кәсіби даярлауды ұйымдастырады.

Функциялар:

  1. қаржылық органдардың мамандарын кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады;
  2. қаржылық органдардағы мамандардың сәйкес сертификаттарының бар болуы бойынша есеп жүргізеді;
  3. Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдардағы қаржылық органдардың мамандарын оқыту процесі бойынша мәселелерді келіседі.

10. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

  1. Департамент құзырлығына қарасты мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте түсіндірмені береді;
  2. Департаментке жүктелген міндеттемелерін орындауға қажетті Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және водомствоға бағынысты ұйымдардан құжаттарды, есептерді, анықтама және өзге де материалдарды сұрайды және алады;
  3. Департамент құзырлығына қарасты мәселелері бойынша кеңес жүргізеді және ұйымдастырады;
  4. заңнаманы жетілдіруде ұсыныстарды енгізеді;
  5. заңнамаға сәйкес, өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

Міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының Үкімет отырысына, жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдардың кеңесіне, Департамент құзырлығына қарасты мәселелері бойынша Министрліктің басшылығына материалдар дайындауды жүзеге асырады;
  2. Департамент құзырлығына қарасты, өзге де міндеттемелер орындайды.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

11. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттікті иеленеді.

12. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

13. Министрліктің бекітілген құрылымына сәйкес, директордың бір орынбасары болады.

14. Директор, Департаменттің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындау және оның,                             өз функцияларын жүзеге асыру кезінде, жеке жауапкершілік тартады. 

15. Департамент директоры, Министрліктің басшылығына, Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

  16. Осы мақсаттарда Департаменттің директоры:

  1. Департаменттің құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
  2. Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

         17. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде, Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде, Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуына және оның, өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілік тартады;

3) Департамент директорымен жүктеген, өзге де функцияларды жүзеге асырады.

18. Департаменттің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға, Департаменттің директоры немесе оның орынбасары қол қояды.

Дата: 
Бейсенбі, 30 наурыз, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы