You are here

Ереже

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің

Стратегиялық жоспарлау департаменті

туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Стратегиялық жоспарлау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарымен  бекітіледі.

4. Департаменттің құрылымы мынадай:

1) Стратегиялық жоспарлау басқармасы;

2) Талдау және мониторинг басқармасы.

 

2. Департаменттің  негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Міндеті: Министрліктің бес жылдық мерзімге арналған даму міндеттері мен мақсаттарын құру,  тиісті даму жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз ету.

Функциялары:

  1. Министрліктің Стратегиялық жоспарын әзірлеуді және одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
  2. Министрліктің жыл сайынғы Операциялық жоспарын және тоқсан сайынғы жоспарын әзірлеуді және одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және оның іске асыруына мониторингті жүргізеді;
  3. Меморандумды және сектораралық келісімдерді әзірлейды;
  4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және мемлекеттік органның бірінші басшыларының арасындағы Меморандумды әзірлеу және одан әрі сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізеді;
  5. Министрліктің  жетекшілік ететін бағыттары бойынша Қазақстан

Республикасының Үкіметіне енгізу үшін ұсыныстарын дайындайды

  1. индикативті жоспарлауды және республикалық бюджетттің болжамдық көрсеткіштерін әзірлеуге қатысады;
  2. өз құзыретi шегiнде реттелетiн салаларда нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді және келiседі і.
  3.  Реттелетін салада бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі.

6. Міндеті: Министрліктің  жетекшілік ететін стратегиялық бағдарламалық құжаттардың талдау және мониторингілеуді іске асыру.

Функциялары:

1) Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша  жыл сайынғы есепті жасайды;

2) Министрліктің жұмысына және негізге алынатын бағдарламалық құжаттары шегінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша мониторингілеуге үйлестіруге қатысады;

3) Жүргізіліп жатқан саясатты  жетілдіру ұсыныстарымен бірге  Министрліктің жалпы бағыттары бойынша талдаухатты дайындайды;

4) Мемлекет Басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын мониторингілеуді және орындауды ұйымастырады;

5) Министрлік басшылығына сараптамалық материалды дайындауды іске асырады;

6) Министрліктің бағдарламалық құжаттарын мониторинг жүргізеді және тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі бағдарламалық құжаттарын Министрлікте әзірлеуде мониторинг пен үйлестіруді және оның орындалуына мониторинг жүргізеді, соның ішінде:

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарын;

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын;

8) Министрлікпен жетекшілік етілетін мемлекеттік, салалық (секторалды) және өңірлік салаларды және қызмет ортасын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысады;

        

7. Міндеті: Министрдің және жауапты хатшының ұйымдастыру қызметін іске асыру.

         Функциялары:

1) Министрліктің коллегиялық отырыстарын ұйымдастырады және материалдарды дайындауды іске асырады;

2) Министрліктің Қоғамдық кеңес отырыстарын ұйымдастырады және материалдарды дайындауды іске асырады;

3) Министрдің аппараттық отырысын өткізуді ұйымдастырады және оның шешімінің орындалуын бақылайды;

4) Министрдің Қазақстанның өңірлеріне жұмыс сапарына материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

         5) Қазақстан Республикасының Үкімет отырыстарына және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің селекторлік мәжілісіне Министрлік басшыларының материалдарын дайындауды іске асырады;

8) Міндеті: көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу және бақылау.

1) көрсетілетін мемлекеттік қызметтертердің сапасын арттыру және оларды көрсету процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді бақылау;

3) Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру бойынша қызметтерді үйлестіру;

4) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін әзірлеуді баұылау;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылауды жүргізу

9. Құқықтары мен міндеттері:

         Құқықтары:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте түсініктер беру;

          2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Департаментке жүктелген тапсырмаларды орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамаларды, анықтамалық-талдамалық ақпараттарды және басқа материалдарды сұрату және алу;

          3) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер өткізу және ұйымдастыру;

          4) заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

          5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдарының басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін Департаментке жүктелген тапсырмаларға сәйкес жүргізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуға тарту.

          6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

Міндеттері:

1) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктер беру;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жүргізуде консультативтік-кеңестік органдарда немесе басқа да тиісті қызметтік көмек көрсету қажет болған жағдайда, Департамент қызметкерлерін жіберу; 

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салса, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамалар ұсыну кіреді.

        

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

10. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттікті иеленеді.

         11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады. 

         12. Министрліктің бекітілген құрылымына сәйкес директордың бір орынбасары болады.

13. Директор Департаменттің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.

14. Департамент директоры Миинистрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15. Осы мақсаттарда Департаменттің директоры:

  1. Департаменттің құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
  2. Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
  3. Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілікте болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департаменттің директоры немесе оның орынбасары қол қояды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы