You are here

Ереже

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі Министрлігі

Жауапты Хатшысының

2017 жылғы «__» _______

№ ________ бұйрығымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Халықаралық және әскери-техникалық ынтымақтастық департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Халықаралық және әскери-техникалық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  Жауапты хатшының бұйрығымен бекітіледі.
  4. Департаменттің құрылымы:

1) Халықаралық шарттар және протокол басқармасы;

2) Көпжақты ынтымақтастық басқармасы;

3) Әскери-техникалық және екіжақты ынтымақтастық басқармасы.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

5. Мақсаты.  Министрлік реттейтін салаларда халықаралық ынтымастықты жүзеге асыру.

Функциялары:

  1. Департамент құзыреті шегінде ынтымақтастық саласындағы халықаралық шарттар және протоколдар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттар жобаларын әзірлеу;
  2. Министрлік жасайтын Департамент құзыреті шегінде          әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық шарттар (келісімшарттар, меморандумдар) жобаларын әзірлеу;

3) Министрлік жасайтын халықаралық шарттар (келісімдер, меморандумдар) бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға консультативтік көмек көрсету;

4)  Министрлік жасайтын халықаралық шарттардың  (келісімдердің, меморандумдардың) дайындалуын, іске асырылуын  ішкі  бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру;

 5) Халықаралық шарттық-құқықтық базаны іске асыру және үйлестіру бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қызметін үйлестіру;

6) Министрлiк жетекшілік ететін халықаралық шарттар (келiсiмдер, меморандумдар) жасау мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен халықаралық  ынтымақтастық жүргiзу;

7)  Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары жасайтын халықаралық шарттардың (келісімдердің, меморандумдардың) орындалуы және іске асырылуы бойынша  үйлестіру, Министрдің атына оның қорытындылары туралы тиісті жиынтық есеп жасау;

8) Министрлік реттейтін салалардағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу,  Министрлік қол қойған халықаралық шарттарды (келісімдерді) ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдер жүргізу;

9) Министрлік қол қойған халықаралық шарттарды (келісімдерді, меморандумдарды) жариялау, есепке алу және  сақтау;

10)  Министрлік басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағында және шет мемлекеттерде өтетін халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарына консультативтік  кеңес беру;

11) Министрлік басшылығының (Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрлердің) сыртқы іссапарларын жүзеге асыруды үйлестіру жоспарын қалыптастыру, сондай-ақ оны орындау бойынша есептер дайындау;

12) Департамент құзыреті шегінде контрагенттермен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін сыртқы байланыстар орнату;

13) Министрлік реттейтін салаларда халықаралық ынтамақтастық  мәселелері бойынша Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, вице-Министрлер) қатысуымен халықаралық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастырушылық-протоколдық қамтамасыз ету;

14) Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, вице-министрлер) халықаралық кездесулерін ұйымдастыру;

15) шетелдік іссапалар бойынша құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволардың есептерін талдау;

16)  Министрлік қызметкерлерінің шетелдік іссапарлары бойынша қызметтік жазбаларды келісу;

17) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері мен сыртқы саяси ведомстволарымен, сондай-ақ Министрлік реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдармен, ұйымдармен іскер топтармен  өзара іс-қимыл жасау;

18) Департамент құзыреті шегінде өзге де функциялар.

6. Міндет: Министрлік реттейтін салаларда көпжақты негізде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Функциялары:

Көпжақты ынтымақтастықты жүргізу:

1) Министрлік реттейтін салаларда көпжақты негізде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне және халықаралық міндеттемелеріне қатысты көпжақты халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын  қалыптастыруға қатысу;

3) Министрлік реттейтін салаларда көпжақты негізде халықаралық, өңірлік және үкіметаралық ұйымдардың атқарушы органдарымен Министрлік реттейтін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

4) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері мен сыртқы саяси ведомстволарымен, сондай-ақ Министрлік реттейтін Қазақстан Республикасының көпжақты ынтымақтастық мәселелеріне қатысты мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, іскер топтармен өзара іс-қимыл жасау;

5)  Министрлік  реттейтін салаларда көпжақты негізде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) Министрлік реттейтін салаларда көпжақты негізде халықаралық ынтымақтастық  бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;

7) Министрлік реттейтін салаларда көпжақты негізде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша  Министрлік басшылығының (Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрлердің) қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;

8) Департамент құзыреті шегіндегі өзге де функциялар.

7. Міндет: Министрлік реттейтін салаларда екіжақты негізде халықаралық және әскери-техникалық ынтымастықты жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Министрлік реттейтін салаларда екіжақты халықаралық және әскери-техникалық ынтымастықты жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне және халықаралық міндеттемелеріне қатысты екіжақты негізде халықаралық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қалыптастыру;

3) Министрлік реттейтін мәселелер бойынша шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және ұйымдарымен Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп екіжақты негізде әскери-техникалық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

4) Министрлік реттейтін салаларда екіжақты негізде әскери-техникалық және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шетелдік мекемелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

5) Министрлік реттейтін салаларда екіжақты негізде әскери-техникалық және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Министрлік басшылығымен (Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрлердің) қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық материалдар жасау;

6) Министрлік реттейтін салаларда екіжақты негізде әскери-техникалық және халықаралық ынтымақтастық саласындағы халықаралық-шарттық құқықтық базаны іске асыру және дамыту бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының қызметін үйлестіру;

7) Министрлік реттейтін салалардағы халықаралық екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық практикасы туралы ақпаратты талдау, жинақтау және жүйелеу, оны бағалау және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде халықаралық екіжақты ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар әзірлеу;

8) Министрлікке бекітілген үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігін  жүргізу және қазақстандық бөлігі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына бекітілген үкіметаралық комиссиялар шеңберінде Министрлік қызметін үйлестіру;

9) Департмент құзыреті шегіндегі өзге де функциялар.

8.Құқықтары мен міндеттері

Құқықтары:

1) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарында оның атынан өз құзыреті шегінде өкілдік ету;

2) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша  мемлекеттік органдар өкілдерімен, ұйымдармен және шетелдік мемлекеттердің іскер топтарымен, сондай-ақ халықаралық, өңірлік және үкіметаралық ұйымдармен кездесулер мен келіссөздер жүргізу;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, салалық ұйымдардан және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарынан Департаментке жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат, оның ішінде халықаралық іс-шаралар мен  шетелдік іссапарлар қорытындылары бойынша қорытындылар мен ұсынымдар жазылған есептер мен протоколдарды сұрату және алу;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қауіп-қатер төнген  және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды келісуден дәлелді негіздемемен бас тарту;

5) Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің сапасыз пысықтауына және негізсіз ұстанымдарына қатысты  мәселелерді Министрлік басшылығының қарауына енгізу;

6) Белгіленген тәртіппен халықаралық іс-шараларға қатысу;

7) Министрлік басшылығымен келісім бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің өкілдерін Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетін халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тарту;

8) құрылымдық бөлімшелерден, ведомстволардан, ведомстволық бағынысты ұйымдардан және сенімгерлік басқарудағы ұйымдардан екіжақты негізде халықаралық ынтымақтастыққа және әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысты мәселер бойынша мәліметтер мен құжаттар сұрату;

9) Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Міндеттемелер:

1) Қазақстан Республикасының жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдардың кеңесінде Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  Министрлік басшылығына (Министрге, Жауапты хатшыға, вице-министрлерге)  материалдар даярлауды жүзеге асыру;

2) Өз құзыреті шегінде Министрлік басшылығының (Министрдің, Жауапты хатшының, вице-министрлердің) халықаралық іс-шараларын қамтамасыз ету үшін бағдарламаларды, тезистерді және баяндамаларды қосқанда, ақпарат сұратуды, жинауды және дайындауды жүзеге асыру, сондай-ақ консулдық және басқа да ұйымдастырушылық-протоколдық мәселелерді шешу, халықаралық іс-шаралар жүргізу және шетелдік делегаттарды қабылдау шеңберінде шығыстар  сметасын құру;

3) Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске  асыру үшін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

9. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады;

11. Министрліктің бекітілген құрылымына сәйкес Департамент директорының екі орынбасары бар.

12. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын іске асыруға дербес жауапты болады;

13. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

14. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) Департаменттің құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;

2) Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары жобаларын әзірлеуін, Министрліктің кадр қызметімен  жобаларды келісуді,  келісілген жобаларға қол қоюды қамтамасыз етеді.

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Департамент директорының орынбасары:

1) Өз құзыреті шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған уақытта Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын іске асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

16. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан өзге құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Директор немесе  оның орынбасарлары қол қояды.

 

                                       ____________________

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы