You are here

Ереже

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаменті туралы

ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

         1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаменті (бұдан
әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конституциялық заңдарды, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 

3. Департаменттің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жауапты хатшының бұйрығымен  бекітіледі.

4. Департаменттің құрылымы:

1) Қорғаныс өнеркәсібі кешенін жоспарлау және дамыту басқармасы;

2) Қорғаныс өнеркәсібін үйлестіру және мониторингтеу басқармасы.

 

  1. Департаменттің міндеттемелері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. «Міндеттемесі: қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.  

Функциялары:

1) қорғаныс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламаларын әзірлеу;

2) қорғаныс өнеркәсібі кешені (бұдан әрі – ҚӨК) саласындағы нормативтік құқықтық базаны талдау және жетілдіру;

3) ҚӨК кәсіпорындарының тізбесін жүргізу;

4) ведомостволық бағынысты ұйымдардың қызметін қорғаныс өнеркәсібі саласында үйлестіруді жүзеге асыру;

5) әскери өнімдер және қос мақсаттағы өнімдер шығаруды игеру бөлігінде перспективті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөнінде ұсыныс дайындау;

6) ҚӨК инвестициялық жобаларының іске асырылуын бақылау және мониторингтеу;

7) әскери және қос мақсаттағы мемлекеттік тапсырыс берушілердің ҚӨК кәсіпорындарымен өзара әрекетін ұйымдастыру;

8) ҚӨК кәсіпорындарымен ҚӨК кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметін жүргізу бөлігіндегі жұмысты жүзеге асыру;

9) ҚӨК-нің ведомостволық бағынысты ұйымдарының корпоративті басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

10) қорғаныс өнеркәсібі кешенінің қызметі жөніндегі әскери және салалық стандарттарды әзірлеуге қатысу;

11) басшыларға кандидутуралар, сондай-ақ ҚӨК кәсіпорындарының атқарушы органдарының директорлары кеңесі жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу; 

12) Министрліктің Департаменттің мәселелері бойынша бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысын ұйымдастыру.».

«Міндеттемесі: бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу.

1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне және халықаралық міндеттеріне сүйене отырып, екіжақты және көпжақты форматтағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қалыптастыру;

2) шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және ұйымдарымен Министрлік реттейтін мәселелер бойынша әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру (Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып);

3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомостволарымен және шекарадан тыс мекемелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

4) Министрлік басшылығының (Министрдің, жауапты хатшының вице-министрлердің) қатысуымен өтетін әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі іс-шараларға анықтама-ақпараттық материалдар дайындау;

5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің екіжақты және көпжақты форматтағы әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шарттық құқықтық базасын іске асыру және дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру;  

6) өз құзыреті шегінде салалық құрылымдық бөлімшелермен бірлесе отырып, екіжақты және көпжақты форматтағы әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін қажетті нормативті құқықтық актілердің және нобайлы сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу;   

7) халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастық практикасы туралы ақпаратты талдау, жинақтау және жүйелендіру, оны бағалау және халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру туралы ұсынысты пысықтау;

8) Министрлікке бекітілген үкіметаралық комиссияның қазақстандық бөлігінде қатысу және үкіметаралық комиссия шеңберінде Министрліктің қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарына бекітілген қазақстандық бөлігінде қатысу;

9) келесіде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың жаңа және перспективті үлгілерін талдай отырып, халықаралық әскери мақсаттағы өнімдер көрмесін дайындауға және өткізуге қатысу.». 

«Міндеттемесі: Департамент бойынша кадрлар дайындауды үйлестіру және мониторингтеу.

Функциялары:

  1. Департаменттің жұмыскерлерін дайындау мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;
  2. Департаменттің жұмыскерлерін дайындау, қайта дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

6. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

1) Министрлік басшылығының қарауына Департамент міндеттерінің тобына кіретін мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;  

2) Министрліктің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізуі үшін ҚӨК, ведомостволық бағынысты ұйымдардың қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамаға түзету енгізу жөнінде ұсыныс енгізу;

3) басшылықтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік, қоғамдық және басқа да мекемелерінде, ұйымдарында және шет елдерде Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлікті таныстыру; 

4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде кеңес ұйымдастыру және өткізу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Міндеттері:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде түсінік беру;

2) шарттық міндеттердің орындалуын тексеру және көрсетілген қызметтер туралы актілер қабылдау;

3) Департамент жұмыскерін (-лерін) оның (олардың) консультациялық-кеңес органдарға қатысуы қажет болған жағдайда не болмаса Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет кезінде басқа да тиісті қызметтік көмек көрсету үшін жіберу;

4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар осы туралы ресми сұрау салған жағдайда қажетті материалдар және анықтамалар беру;

5) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

6) Департамент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің этикасының нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;

7) Заң департаментіне Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде сотқа талап қою берудің қажеттілігі туралы уақтылы ұсыным жасауды және хабарландыруды үйлестіру;

8) Департаменттің құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

7. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттемелері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті уәкілеттігі бар.

8. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады. 

9. Директордың Министрліктің бекітілген құрылымына сәйкес бір орынбасар болады. 

10. Директор Департаменттің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттемелерді орындау үшін және олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылық атқарады.

11. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) Департамент құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттері мен уәкілетін айқындайды;

2) департамент жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобасын әзірлеуді қамтасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады. 

12. Департамент директорының орынбасары:

1) өз уәкілеті шегінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент басшысы болмаған кезде Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттемелерді орындау және олардың өз функцияларын жүзеге асырулары үшін дербес жауаптылық атқарады;

3) Департамент директорына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

13. Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі құжаттарға Департамент директоры не болмаса оның орынбасары қол қояды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы