You are here

Ереже

Қарақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігінің  әкімшілік жұмысы департаменті туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. Қарақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің әкімшілік жұмысы Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарымен  бекітіледі.
  4. Департаменттің құрылымы мынадай:

1) Материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасы;

2) Мемлекеттік сатып алу басқармасы.

2. Департаменттің  негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Мақсаттары: Министрлер атынан тауарларды, жұмыс және қызметтерді сатып алу процесін ұйымдастыру және дайындау.

Функциялары:

1) сатып-алу процесін ұйымдастыру және дайындауды 2015жыл 4 желтоқсандағы ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен, мемлекеттік сатып алу саласындағы өзге де нормативті құқықтық актілермен сәйкес жүргізіледі.  

2) әкімшілігі Министрлік болып табылатын бюджетті бағдарламалар арқылы тауарларды, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарның өткізілудің жылдық жоспарын, графигтерін бекітуге дайындау;

3) мемлекеттік сатып алу бойынша есеп жүргізу;

4) Министрлікте жүргізілген мемлекеттік сатып алу мониторгінің жүзеге асырылуы;

5) заңмен бекітілген Министрліктің мемлекеттік сатып алу жоспарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;

6) мемлекеттік сатып алу жөніндегі сұрақтар бойынша Министрлік қызметкерлеріне консультативтік және практикалық көмек көрсету;

7) Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы сұрақтар бойынша оқу құралдарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

8) нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде үйлестіру;

9) өзге функциялар.

  1. Міндеттері: Министрліктің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.  

Функциялары:

1) Министрліктің жалпы ұйымдастыру сұрақтарын  басқару;

2) ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;

3) қоғамдық жұмыстарды Министрліктің қатысуымен ұйымдастыру;

4) министрліктер үйінің 2 подъездіне (министрліктер үйі) кіруді пропусктік режимде қамтамасыз ету;

5) Министрлік басшылықтары мен қызметкерлерін телефон, офистік жиһаз, канцелярлық тауар, кеңсе жабдықтары, компьютер және т.б. қажеттіліктермен қамтамасыз ету;

6) Министрліктің аппараттық-бағдарламалық құралдарын жедел жүйелік-техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастыру;

7) ақпараттандыру мәселелері бойынша Министрлік қызметкерлеріне тәжірбиелік және әдістемелік көмек көрсету;

8)Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін аппараттық-бағдарламалық құралдармен жабдықтауды ұйымдастыру, пайдаланудың дұрыстығы мен  тиімділігін бақылау;

9) Министрліктің компьютерлік және ұйымдастыру техникасын тіркеуді қамтамасыз ету;

10) Министрліктің компьютерлік және ұйымдастыру техникасын, серверлік жабдығын жоспарлы түгендеуге қатысуды қамтамасыз ету;

11) Министрліктің қызметкерлері үшін Интернет желісіне қол жетімділікті ұсынуды ұйымдастыру;

12) ақпараттандыру саласындағы техникалық сипаттаманы және өзге де  нормативтік құқықтық актілерді келісуді қамтамасыз ету;

13) өзге функциялар.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

  1. ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
  2. қоғамдық жұмыстарды Министрліктің қатысуымен ұйымдастыру;
  3. ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлеріне уақытша пропускті рәсімдеу;

4) министрліктер үйіне өткізу пропускінің тізімдерін қалыптастыру;

5) бақылау-пропускті пункттерге өту рұқсаты бар автотранспорттық құралдар тізімдерін қалыптастыру;

6) кіргізу-шығару үшін материалдық пропускті жасау;

7) әкімшілігі Министрлік болып табылатын бюджетті бағдарламалар арқылы тауарларды, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарның өткізілудің жылдық жоспарын бекітуге дайындығын қамтамасыз ету;

8)Министрліктің тауарларды, жұмыс пен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың конкурстық документациясын бекітілуін және дайындығын қамтамасыз ету;

9) мемлекеттік сатып алудың веб-порталында хабарландырудың жариялануын қамтамасыз ету;

10) конкурсты комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

11) ҚР заңнамасымен сәйкес Департаментке жүктелген өзге де құқықтарды орындау;

12) Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін Министрліктің құзыреті шегіндегі өзге құқықтарды орындау.

Міндеттері:

1) жоғары және өзге де ҚР мемлекеттік органдарда Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік жиналысының басқару жөніндегі материалдарды дайындау;

  1. Департамен қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге сәйкес этика нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;
  2. Министрлік қызметкерлерін телефонмен, жиһазбен, канцелярлық тауарлар мен кеңсе жабдықтарымен қамтамасыз ету;
  3. Департаменттің құзыретіне кіретін  өзге міндеттерді орындау;

5) Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін Министрліктің құзыреті шегіндегі өзге міндеттерді орындау.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

  1. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттікті иеленеді.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
  3. Министрліктің бекітілген құрылымына сәйкес директордың бір орынбасары болады.
  4. Директор Департаменттің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
  5. Департамент директоры Миинистрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Осы мақсаттарда Департаменттің директоры:
  7. Департаменттің құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
  8. Департамент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарының жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департаменттің директоры болмаған кезеңде Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапкершілікте болады;

3) Департамент Директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.  

  1. Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департаменттің директоры немесе оның орынбасары қол қояды.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы