You are here

Ереже

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс

департаменті туралы ереже

 

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаменті Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департаменттің құрылымы мынадай:
  1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру басқармасы;
  2. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын мониторингілеу басқармасы.
  1. Міндеті:
  1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру саласында басшылықты жүзеге асыру.
  2. МҚТ жобасын қалыптастыру;
  3. мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірлеу, оны Үкіметке ұсыну.
  1. Қызметі:
  1. Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды уақтылы және сапалы орындау;
  2. Министрлік Регламенті нормаларын және Министрліктегі Құжаттама ережелерін және құжаттаманы басқаруды бұзуға жол бермеу;
  3. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
  4. Департамент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау;
  6. Министрліктің құзіреті шегінде Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы