You are here

Бюджеттi атқару сатысында

Дата: 
Бейсенбі, 1 ақпан, 2018

Бюджеттi атқару сатысында

2017 жылдың республикалық бюджетін орындау туралы жылдық есепке қатысты  

2017 жылғы 24 тамыздағы «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 503 қаулысының 1-тарауы

10-тармақшасына сәйкес  Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады – жұмыс атқарылуда.

Есепті ай үшін бюджеттік бағдарламарды іске асыруды мониторингілеудің нәтижелері туралы бюджет есебін орындауға қатысты

2016 жылғы 30 қарашадағы «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 629 бұйрығының 26-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті ұсынады - жұмыс атқарылуда.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы