You are here

Консультативтік кеңес салалық мәселелер жөніндегі

 

Қазақстан Республикасы қорғаныс

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігінің салалық мәселелер 

жөніндегі Консультативтік кеңесі 

туралы

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қызметінің салалық мәселелері бойынша бірыңғай шешімдерді әзірлеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің салалық мәселелер жөніндегі Консультативтік кеңесі, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кеңесінің құрамы құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің салалық мәселелер жөніндегі Консультативтік кеңесі туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                                                                                                                       Б. Атамқұлов

 

 

        Қазақстан Республикасы Қорғаныс

     және аэроғарыш өнеркәсібі

        2017 жылғы «     » №____

         бұйрығына 1-қосымша

             

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  

министрлігінің салалық мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңесінің 

 құрамы

     

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

-

Консультативтік кеңесінің төрағасы;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы

 

-

Консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі
вице-министрлері

 

-

Консультативтік кеңесінің мүшелері;

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы

 

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

 

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

Аэроғарыш комитетінің төрағасы

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

 

Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры

 

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

 

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры

 

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаментінің директоры

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

Жұмылдырыу дайындығы департаментінің директоры

 

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

Ғылыми-технологиялық даму департаментінің директоры

 

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

Заң департаментінің директоры

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

 

Қаржы департаментінің директоры

-

Консультативтік кеңесінің мүшесі;

 

Стратегиялық жоспарлау департаментінің

-

Консультативтік кеңесінің хатшысы

 

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс

     және аэроғарыш өнеркәсібі

2017 жылғы «     » №____

 бұйрығына 2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі 

     министрлігінің салалық мәселелер жөніндегі Консультативтік кеңесі 

              туралы ереже

 

       1-Тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің салалық мәселелер жөніндегі Консультативтік кеңесі (бұдан әрі - Консультативтік кеңес) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Консультативтік кеңес өз қызметін оның құзыретіне кіретін ұжымдық, еркін және мәселелерді жариялап талқылау негізінде жүзеге асырады.

 

 

2-Тарау. Консультативтік кеңесінің мақсаттары мен міндеттері

 

3. Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) реттейтін салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

4. Консультативтік кеңес қызметінің міндеттері:

Министрліктің қолданысындағы салалық мәселелерді (салалар) мемлекеттік реттеуде маңызды жаңа тәсілдері бар немесе қолданыстағы тәсілдерді өзгертетін нормативтік құқықтық жобаларды және құқықтық актілерді қарау;

Министрлік реттейтін салаларды дамыту (салалар) бағдарламалар жобаларын (жоспарлар) қарау;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (бұдан әрі - Министр) анықтайтын басқа мәселелер бойынша салалық шешімдерді әзірлеу.

 

3-Тарау. Консультативтік кеңес қызметін ұйымдастыру

5. Консультативтік кеңесті төраға – Министр басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады, күн тәртібін және отырыстың өту уақытын белгілейді. Министр болмаған уақытта, оның қызметін алмастыратын тұлға орындайды

6. Консультативтік кеңестің жұмыс органы Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаменті болып табылады (бұдан әрі – жұмыс органы).

7. Консультативтік кеңестің хатшысы жұмыс органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы болып табылады. Консультативтік кеңес хатшысы Консультативтік кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыс хаттамасын ресімдейді және Консультативтік кеңес тапсырмасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

8. Консультативтік кеңестің нақты мүшелерінің және Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдар өкілдерінің Консультативтік кеңес отырысына қатысуын Министр анықтайды.

9. Консультативтік кеңес отырысының күн тәртібі Министрдің бұрыштамасына сәйкес Консультативтік кеңес мүшелерінің қызметтік жазбасының негізінде қалыптастырылады.

Қызметтік жазба мыналардан тұрады:

«Мәселенің атауы», «Мәселені қарау қажеттілігінің негіздемесі», «Жобаны немесе шешім қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдар», «Министрліктің, органның тиісті бөлімшелерімен жобаны немесе шешімді келісу». 

10. Консультативтік кеңес отырысының қарауына тиісті құжаттарды Консультативтік кеңес отырысын өткізу күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органына ұсынылады және Консультативтік кеңес шешімінің жобасын, анықтамалар, слайдтар, баяндамалар және қаралатын мәселенің маңыздылығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өзге де қажетті материалдарды қосады. 

11. Консультативтік кеңес отырысының баяндамашысы мәселені қарау үшін бастамашылық еткен Консультативтік кеңес мүшесі болып табылады.

12. Консультативтік кеңес отырысының күн тәртібіндегі әрбір мәселенің шешімі қатысатын Консультативтік кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Консультативтік кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

13. Кеңестің отырыстарында Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, олар құқықтық күші бар деп саналады.

14. Консультативтік кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ айына бір реттен кем емес.

15. Консультативтік кеңес шешімі Консультативтік кеңес мүшелерімен келісілген хаттамамен ресімделеді, Министрмен қол қойылады. Консультативтік кеңес отырысының хаттамасы Консультативтік кеңес мүшелеріне және мүдделі тұлғаларға таратуға жатады. 

 

 

 

 

 

 

 

Дата: 
Жұма, 10 наурыз, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы