You are here

Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу

«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»  

 

1. Жалпы ережелер

      1. «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
    1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікті беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні;
      куәліктің телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық емес факті белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде бұдан әрі өтінішті қараудан дәлелді түрде бас тартады;
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәліктің телнұсқасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алуға жүгінген кезде куәлік электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметі беруші басшысының қолтаңбасы мен мөрімен куәландырады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:
      1) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін - 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшері негізге алына отырып;
      2) ғарыш объектілерінің және оларға құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін - 3,5 АЕК құрайды.
      Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын түбіртек немесе төлемдік тапсырма береді.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, тіркеу алымын төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮТШ) жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      куәлікті алу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
      ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
      куәліктің телнұсқасын алу үшін (куәлік жоғалған, бүлінген жағдайда, егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса):
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
      куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;
      2) порталға:
      куәлікті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
      ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын электрондық құжат;
      куәліктің телнұсқасын алу үшін (куәлік жоғалған, бүлінген жағдайда, егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса):
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын электрондық құжат.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, көрсетілетін қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, тіркеу алымын ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төлеу туралы, ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін:
      көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығышта өтінішті қабылдағаны туралы растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады;
      порталға – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе жолданады.
      10. Мыналар:
      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
      2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;
      3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;
      4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

 

Дата: 
Бейсенбі, 16 наурыз, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы