Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жұмылдыру дайындығы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) орталық аппараты құрылымдық бөлімшесі

  1. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және өткізу;
  2. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
  3. Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру қағидалары мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы баяндамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалауды жүзеге асыру;
  4. Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру;
  5. Жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында зерттеулерді ұйымдастыру;
  6. Жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  7. Жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы