«Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру;
  2. автоматтандыру жолы арқылы мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  3. «Электрондық үкіметтің» сыртқы контурына жататын ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және рұқсаттама рәсімін әзірлеу;
  4. мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
  5. «электронды үкімет» ішкі контурдың ақпараттық жүйелерінің және мемлекеттік электронды ақпараттық ресуртардың, электронды үкіметтің инфрақұрылымымен ықпалдастыру және үйлесімдіруді қамтамасыз ету;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы