Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департаменттің негізгі функциялары:

  1. электрондық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді және үйлестіруді жүзеге асырады;
  2. құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік функцияларды жүзеге асырады;
  3. өз құзыреті шегінде электрондық өнеркәсіп мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу, келісу, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесін жалпылайды;
  4. электрондық өнеркәсіпті дамыту бойынша іс шараларға жалпы жетекшілік етуді жүзеге асырады;
  5. электрондық өнеркәсіпті дамыту саласындаға нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  6. электрондық өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
  7. электрондық өнеркәсіптің жай-күйіне талдау жүргізу және мониторингілеу;
  8. электрондық өнеркәсіп саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
  9. электрондық өнеркәсіпті дамыту саласындағы ақпаратты талдау, жалпылау және жүйелеу мақсатында халықаралық нормативтік актілерді, стандарттарды, сондай-ақ ғылыми жұмыстарды зерделейді;
  10. электрондық өнеркәсіп мәселелері бойынша уәкілетті органдармен және шетелдік ұйымдармен екіжақты ынтымақтастықты (Халықаралық және әскери-техникалық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп) жүзеге асырады;
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы