Департаменттің  негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

Міндеті: Министрліктің бес жылдық кезеңге арналған даму міндеттері мен мақсаттарын қалыптастыру,  тиісті даму жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз ету. Министрліктің  жетекшілік ететін салалардағы стратегиялық бағдарламалық құжаттарын талдауды және мониторингілеуді жүзеге асыру.

Функциялары:

  1. Министрліктің Стратегиялық жоспарын әзірлеуді және одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
  2. Министрліктің жыл сайынғы Операциялық жоспарын және тоқсан сайынғы жоспарын әзірлеуді және одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз ету және олардың іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру;
  3. мемлекеттік органның бірінші басшысы мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі арасындағы меморандумды әзірлеу және одан әрі сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізу;
  4. Министрліктің  жетекшілік ететін бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшін ұсыныстар дайындау;
  5. республикалық бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін және индикативтік жоспарлауды әзірлеуге қатысу;
  6. өз құзыретi шегiнде реттелетiн салаларда нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу және келiсу.
  7. реттелетін салада бағдарламалық құжаттар әзірлеу және келісу.
  8. Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыру бойынша  жыл сайынғы есепті жасау;
  9. Министрлікте жұмысты үйлестіруге және елдің негізге алынатын бағдарламалық құжаттары шегінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша мониторингілеуге қатысу;
  10. жүргізіліп жатқан саясатты  жетілдіру жолдарын ұсына отырып,  Министрлік қызметінің жалпы бағыттары бойынша талдамалық жазбалар дайындау;
  11. Министрлік басшылығына талдамалық материалдар дайындауды жүзеге асыру;
  12. Министрліктің бағдарламалық құжаттарының тиімділігін бағалауды жүзеге асыру және мониторинг  жүргізу;
  13. Министрліктің Қоғамдық кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру және материалдар дайындауды жүзеге асыру;
  14. Министрлікте Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі бағдарламалық құжаттарын әзірлеуде мониторинг пен үйлестіруді және оның орындалуына мониторинг жүргізу, соның ішінде:
    Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі Операциялық жоспарды;
    Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын;
  1. Министрлік жетекшілік ететін мемлекеттік, салалық (секторалды) және өңірлік салаларды және қызмет аяларын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;

Міндеті: Министрдің қызметін ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз ету және Министрліктің ұйымдастырушылық әлеуетін дамытуға әсер ететін факторларды жүйелік талдау.

Функциялары:

  1. Министрліктің алқа отырыстарын ұйымдастыру және материалдар дайындауды жүзеге асыру;
  2. Министрліктің Салалық мәселелер жөніндегі консультативтік кеңес отырыстарын ұйымдастыру және материалдарды дайындауды жүзеге асыру;
  3. Министрдің аппараттық кеңестерін өткізуді ұйымдастыру;
  4. Министрлік басшылығына жетекшілік ететін бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына материалдар дайындауды жүзеге асыру;
  5. Министрлік қызметінің тиімділігі үшін ішкі процестерді реттеу;
  6. Министрліктің бинес-процестерін оңтайландыру;
  7. Министрлік қызметінің тиімділігін бағалауды талдау, жылсайынғы есептік ақпарат дайындау және қорытындыны өңдеу;
  8. Министрліктің тиімділігін басқару;
  9. Министрлік қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бастамалар, жүйелік шешімдер әзірлеу.

Міндеті: Министрліктің Жобалық басқаруды Енгізу штабының қызметін ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз ету және қызметін бақылау.

Функциялары:

  1. Министрліктің Жобалық басқаруды Енгізу штабының жұмысын үйлестіру;
  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі үшін есептік материалдар әзірлеуді бақылау;
  3. жобалық басқарудың тиімділігін жақсарту бойынша кешенді шаралар  әзірлеу;
  4.  Енгізу штабы шеңберінде бастамалар, түзетулер, жүйелік шешімдер әзірлеу;
  5. Жобалық басқару шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингілеу;
  6. Министрлік қызметінің бағыттары бойынша талдамалық жұмыстар жүргізу;
  7. Министрлік басшылығының сөз сөйлеуіне презентациялық материалдар дайындау;
  8. Департаменттің құзыреті шегінде Министрлік қызметінің бағыттары бойынша баяндамалар мен сөз сөйлеу тезистерін дайындау;
  9. Департаменттің құзыреті шегінде жұмыс қорытындылары бойынша талдау жүргізу;
  10. Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу үшін Министрлік қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау;
  11. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы