You are here

Қызметі

Заң департаментінің іс-әрекеті:

  1. Министрліктің норма шығару қызметiн жүзеге асыру:

Министрлік әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;

Министрлікпен және басқа да мемлекеттік органдармен әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заңнамалық сараптама жүргізу;

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Министрлікте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіру;

нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг мәселелері бойынша талдамалық ақпараттар әзірлеу, басшылыққа енгізу;

мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастыру;

тиісті заң жобаларын ағымдағы Үкіметтің заң жобалау жұмысының жоспарына енгізу бойынша ұсыныстар дайындау және іс-шараларды жүргізу;

  1. Нормативтік құқықтық актілерінің сараптама жүргізу:

Министрліктің норма шығармашылық қызметiн талдайды және талдау нәтижелерi бойынша Министрліктің жауапты хатшысына оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

Министрліктің басшылығы үшін ведомствоаралық комиссияның әр отырысына заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі материалдар дайындайды;

әзірлеушісі Министрлік болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысады;

Министрліктің қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Министрліктің мүдделерін білдіру;

  1. Министрліктің қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету:

Министрліктің басшыларына қол қоюға берілетін құжаттардың, Министрлікпен және басқа да мемлекеттік органдармен әзірленетін нормативтік құқықтық және өзге де құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру;

Министрліктің, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру; 

шарттарды уақытылы жасасуды, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, Министрлікте жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

  1. Наразылық талап қою жұмысы:

сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Министрліктің қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Министрліктің мүдделерін білдіру;

тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Министрліктің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу.

 

Дата: 
Жұма, 31 наурыз, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы