You are here

Қызметі

Міндеті

    Бәсекеге қабілетті қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және де ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін енгізу арқылы  ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Көзқарасы

    Заманауи әлемдік үрдістердің дәрежесіне сай қорғаныс, аэроғарыш және электронды өнеркәсіптің ғылыми-техникалық өркендеген кешені.

Функциясы

1)    реттелетін  салалардағы отандық кәсіпорындардың ғылыми техникалық әлеуетін зерттеп, талдау және олардың дамуын болжау.

2)    қорғаныс, аэроғарыш және электронды өнеркәсіп және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық дамудың әлемдік  үрдісін зерттеу және талдау.

3)  реттелетін салалардағы ғылым мен технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу және ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық  ілгерілеу мен ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысының мүддесінде  насихаттау.

4)    реттелетін салалардағы ғылыми-технологиялық дамудың аса перспективалық және эффективті бағыттарын анықтау.

5)   реттелетін салалардағы ғылыми кадрларды дайындауда,  ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациалық инфрақұрылым мен кәсіпкерліктің дамуы бойынша жәрдем көрсету.

6)   Министрліктің ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне деген сұранысты арттырудағы өзге мемлекеттік органдармен, білім және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру.

7)    реттелетін салалардың мәселелері бойынша  шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың дамыуына жәрдем көрсету.

8)    реттелетін салалардағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық шараларды жүзеге асыруда жалпы басшылық ету.

9)    өз құзыреттілігі шегінде ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына ұсыныстар енгізу.

10)  өз құзыреттілігі шегінде реттелетін салалардағы ғылыми- техникалық зерттемелер саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындау жұмыстарын жүзеге асыру.

Дата: 
Дүйсенбі, 13 наурыз, 2017
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы