Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (Киберқауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық – коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалу жағдайы.

Қазақстанда киберқауіпсіздік саласын дамыту мәселелеріне жіті көңіл бөлінуде. Мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және бизнеспен бірлесіп жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде біздің еліміз киберқауіпсіздіктің жаһандық индексіндегі өз позициясын қарқынды түрде жақсартты. Қазір Қазақстан 40-шы орында. Айта кету керек, өткен жылы біздің еліміз 82 орында болған еді.

Өткен жылдар ішінде еліміздің киберқауіпсіздік саласын дамытудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді. 2022 жылға дейін әрекет ететін "Қазақстанның киберқауіпсіздігі" тұжырымдамасы әзірленіп бекітілді. Осымен бірге, бірқатар заңнамалық актілер мен көптеген салалық бұйрықтар қолданысқа енді. Бұдан басқа, зиянды кодты зерттеу бойынша АҚ саласында сынақ зертханалары құрылып, ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (компьютерлік инциденттерге жеке әрекет ету қызметі (CERT), 2 жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы (SOC)) жұмысын бастады, аталған мамандық бойынша білім гранттарының саны көбейді және т. б.

Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы ахуалды одан әрі жақсарту үшін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне дербес деректер өңделетін ақпараттық жүйелердің иелеріне аудит және тексеру жүргізу үшін дербес деректерді қорғау функциясын беру туралы мәселе көтерді.

ЖЕТІСТІКТЕРІ

  • Киберқауіпсіздік бойынша Қазақстан 40-шы орында
  • Халықтың киберқауіпсіздік қаупі туралы хабардар болу деңгейі-63%
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызметкерлер саны - 46%
  • Ақпараттық қауіпсіздік бойынша 2 жедел орталық жұмыс істейді
  • Компьютерлік инциденттерге әрекет ететін 3 қызмет  (FIRST) бар.

«КИБЕРҚАЛҚАН» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

«Қазақстанның КИБЕРҚАЛҚАНЫ» тұжырымдамасының мақсаты жаһандық бәсекелестік жағдайында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін сыртқы және ішкі қатерлерден электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қорғалу деңгейіне қол жеткізу және қолдау болып табылады ("Киберқалқан" тұжырымдамасы туралы).

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ (DATA PROTECTION AGENCY)

Деректерді қорғау туралы жалпы регламенті (дербес деректерді өңдеу ережелері) Еуроодақтың 28 елінде тікелей әрекет ететін заң ретінде қолданылады. Регламент негізінде Қазақстанда Дербес деректерді қорғау жөніндегі ұйым (Data protection agency) жұмыс істейтін болады.

МАҚСАТЫ:

  • Дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың біркелкі орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
  • Дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуы бойынша шағымдарды қарау
  • Дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша түсініктемелер мен әдістемелік көмек ұсыну

ДЕРБЕС  ДЕРЕКТЕРДІ  ҚОРҒАУДЫҢ  АҒЫМДАҒЫ МӘРТЕБЕСІ

  • Дербес деректер саласында қоғамдық қатынастарды реттеу үшін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР заңы бар
  • Мемлекеттік жүйелер үшін дербес деректерді электрондық нысанда қорғау ерекшеліктері "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңында айқындалған.
  • ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленген
  • Дербес деректердің меншік иелері мен операторларын қорғау мәселелері қалдырылған

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ЖАҢА ФУНКЦИЯЛАРЫ

  • Дербес деректерді қорғау саласын нормативтік-құқықтық реттеу
  • Дербес деректер операторларының тізілімін жүргізу
  • Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау
  • Дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын бақылау

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАРДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

  • Дербес деректерді өңдеу саласын үздік әлемдік практикалардың талаптарына сәйкес келтіру (GDPR)
  • Азаматтар мен бизнес үшін цифрлық экономиканың тартымдылығын арттыру
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласының дамуына ықпал ету
  • Азаматтар мен бизнес тарапынан мемлекетке деген сенімді арттыру
Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы