You are here

Қызмет

Департаменттің қызметі:

1) қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге қатысады;

2) Министрлікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының барлық қызметтері бойынша, соның ішінде  мемлекеттік қызметтердің сапасына тиімділік аудитін жүргізеді;

3) Министрлікте, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына сәйкестік аудитін жүргізеді;

4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетілердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;

          5) Министрліктің ішкі процестерінің (бизнес процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Министрлікте, ведомстволық аумақтық бөлімшелерінде және бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

6) Министрліктің стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін;

7) Министрлікте тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;

8) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратты тыңдайды;

9) Министрге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, Министрлік қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;

10) Министрліктің басшысына жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы